Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Жүнісованың архивтегі видеосын көріп, қайран қалды

Әнші Мақпал Жүнісова инстаграмдағы парақшасында өзінің жас кезінде түсірілген бейнебаянының үзіндісімен бөлісті. Бұл бейнебаянды көрген желі қолданушылары әншінің арық дене сымбатына таңдай қағып, даусының мүлде бөлек болғанын айтып жатыр. Арасында әншіні әріптесі Роза Рымбаевамен салыстырғандар да бар.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші бөліскен бейнебаян “Екі жұлдыз” атты әнге түсірілген екен. Мұны көрген қолданушылардың бірі “Роза апайдан сіз артықсыз. Керемет! Барлығы өзіңізге жарасады” десе, енді бірі “Қайран жастық-ай деп отырсыз ба, Мәке?!”, “Мәссаған, Мақпал апай, қылдай болыпсыз ғой” деп әншінің көп жыл бұрынғы дене сымбатына таңданды.

 

Түніміз тыныш болсын!

Видео опубликовано Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

Әнші 9-30 сәуір аралығында Алматы және Астана қалаларында жеке ән кешін өткізбек. Концертінің режиссурасымен әнші өзі айналысып жатқандықтан, алдыңғы кештерінен өзгеше болмақ. Мұнымен қатар, аталған концертте Әлішер Кәрімовпен дуэт айтпақ.

 

Естеріңізге сала кетсек, Мақпал Жүнісованың өзін бопсалағандарға көлік те, ақша да бермейтінін айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Талқылау