Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Түркияда қамсыз демалып жатқан Лидоның батылдығына таңқалды (фото)

Маусымның 28-і күні Ататүрік атындағы Ыстамбұл әуежайында 2 бірдей жарылыс болған. Салдарынан 36 адам көз жұмған. Осы қайғылы оқиғадан кейін көптеген қазақстандық Анталияға барып демалудан қорқып қалған. Десе де, олардың қатарында Лидо, Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов сынды жұлдыздар жоқ.

image

Фото: instagram.com/lido_kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Түркияның шипажайы қазақстандықтар арасында кеңінен танымал. Көпшілік аталған елдің демалыс орындарының жанға жайлы әрі бағасы тиімді екенін айтады. Олардың арасында әнші Лидо да бар.

Лидо Түркиядағы қиын жағдайға қарамастан, отбасымен бірге сол жаққа демалуға барған. “Гюраль” қонақүйінде әлі 10 күн уақыт демалмақ.

“Қымбаттыларым менің, біз үшін алаңдап жатқандарыңа рахмет! Бізде барлығы жақсы! Дәл қазір үйге жедел оралатындай жайсыздықтар жоқ. Сондықтан елге тек өзіміз жоспарлаған уақытта ораламыз. Кемерде барлығы тыныш әрі жанға жайлы. Егер кімде-кім аталған аймақта демалап жатса, оларға тамаша фотографты ұсына аламын”, – дейді Лидо.

13627962_516797818505716_780595754_n

13712253_1012943968824506_698630136_n

13643060_1660944344230179_48961579_n

Желі қолданушылары әншінің батылдығына қайран қалып, түрлі пікір білдірді. Арасында кей тыңдарманы ең бірінші болып оның қымбат киімдері мен баласының бесік арбасына назар аударған.

13658899_1597190237245454_517903651_n

13774200_1024986500949330_1933159881_n

Тыңдармандары “Сіздің аяғыңыздағы балеткаңыз қатты ұнады. Оны қайдан сатып алуға болады?”, “Лидо, жақсылап демалып қайтыңыздар!”, “Сіз керемет анасыз”, “Бүгін таңертең жаңалықты оқи салысымен сіз туралы ойладым. Барлығы жақсы болып жатқанына қуаныштымын”, “Балаңыздың бесік арбасы ескіріп кетіпті ғой” деген сынды пікірлер білдірген.


Жіберіп алмаңыз:

Лидоның жалаңаш суреттерін көрген желі қолданушылары әншінің сымбатына таң қалысты

Лидо өзінің “Лабутен” туфлиін көрсетті

Лидо бала кезіндегі қызықты суреттерін жариялады

Лидо спортпен айналысуды қолға алды

Талқылау