Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары су киімімен көлік жүргізген Луинаны сынап тастады (фото)

Әнші Луина бұрынғы әдетіне басты. Ол енді су киімімен суретке түсіп қана қоймай, көлік жүргізуге кірісті.

1

Фото: instagram.com/luinaofficial/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сүйіктім ашық-шашық киім киюіме еш қарсы емес” дейтін Луина желі қолданушыларын таң қалдырудан жалығар емес. Әр кез оларға “тосын сый” әзірлеп тұрады. Бұрын-соңды су киімімен тек бассейнге немесе көлге барса, бұл жолы көлік жүргізуді жөн көріпті.

Су киімімен көлік жүргізген Луинаны желі қолданушылары сынап тастады. Олар “Ұят”, “Мүмкін көлігінде желдеткіш жоқ шығар”, “Шугаринг процедурасына барған болар”,

“Оның жабық киінгенін көргендерің бар ма? Өзі білсін не кисе де”, “Құдай-ай, осының не киетіні неге қызық екен” сынды пікірлер қалдырған. Мұнымен қатар, көлден келе жатқанын айтып, жақтай түскендер де бар.

13423439_1645882032400264_873510168_n

Әншінің өзі қымсынбастан ашық-шашық киінуін өзінің ересек адам екендігімен байланыстырады. Мұнымен қатар, бес жылдан бері азаматтық некеде тұрып жатқан сүйіктісі шоу бизнес өкілі болғандықтан, бұлай жүруіне тыйым салмайды екен.


Жіберіп алмаңыздар:

Жасы отызға таяған Луина тұрмысқа шығуға асығып жүргенін айтты

Луина әріптесі Раноның ұлына кіндік шеше болды (фото)

Луина қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түскені үшін сынның астында қалды (фото)

Луина журналистің өзіне маскүнем деп жала жапқанына ренжулі

Талқылау