Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары «хиджабты қорлағаны» үшін танымал ливандық әншіні сынға алды

Таяу Шығыс еліне танымал әнші әрі актриса Хайфа Вахбидің хиджаб киген суретін көрген тыңдармандары оны сынға алды.

авы

Сурет әншінің Facebook парақшасынан алынды

40 жастағы әнші Facebook парақшасында арқасы ашық қара матадан хиджаб секілді киім киген суретін жариялаған. Көпшілік мұны діни элементтерді қорлау деп қабылдады.

Вахбидің парақшасында 8 миллиондай адам тіркелген. Талқыға түскен сурет 61 мың лайк жинап үлгерген. Яғни, әншіге тағылған сынмен келіспейтін қолданушылар да табылып, оған қолдау білдірген.

Хайфа Вахби Таяу Шығыста танымалдығы жағынан Нэнси Аджрамнан кейінгі екінші орында тұр. Ол оңтүстік Ливанда христиандар отасында өмірге келген. Ол жастайынан модель атанып, «Оңтүсітк Ливан аруы» титулын 16 жасында жеңіп алды. 2002 жылы «Уақыты келді» деген атаумен алғашқы альбомы, 2005 жылы «Өмір сүргім келеді» атты екінші альбомы жарыққа шыққан.

Талқылау