Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдаңыздар: Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Беспаевпен дуэт айтты (фото, видео)

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, сұлу әншісі Мәдина Сәдуақасова 20 жылдық есеп беру кешін өткізді. Әншінің өнерін тамашалауға халық көп жиналды, залда ине шаншарға орын болмады. Одан бөлек, концерт тосын-сыйларға толы болды, деп хабарлайды Stan.kz.

мейрамбек мадина

Сахнаның декорациясы, залдың безендірілуі, көрермен қошеметі және Мәдинаның әдемі даусы. Қандай ғажап көрініс! Әнші көптен бері жоспарлап жүрген мақсатына жетті. Мейрамбек Беспаевпен дуэт жаздырып, алғаш рет өзінің концертінде орындады. Ұлықпан Жолдасовтың әні мен ақын Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған туынды кімді болсын тебірентпей қоймады.

Концерт барысында Мәдина өзін танымал еткен алғашқы әндерін орындады. Репертуарындағы ел білетін туындылармен қатар, су жаңа әндерді де тыңдарман назарына ұсынды. Сондай-ақ, талантты зағип жанды сахнаға шығарып, елмен таныстырды. 

Ал концерттен кейін Мәдина өнердегі әріптестерінің басын қосып, кеш ұйымдастырды.

14705149_1141967272553755_2357568533015035904_n

14733648_635948136583050_22973230310490112_n

Жіберіп алмаңыз:

Майғазиев: Алғаш көргенде Мәдина менімен амандаспай қоя ма деп қорықтым

20 жастағы Мәдина Сәдуақасова: әнші қандай болды? (видео)

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Бала күнінде Мәдинаның кассеталарын сатып күн көрген продюсер онымен бірге ән айтты (видео)

Талқылау