Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тым жас: Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған бір топ жігіт тұтқындалды

Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған бір топ жігіттерден құралған қылмыстық топ құрықталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тым жас: Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған бір топ жігіт тұтқындалды

Барлық күдікті 18 жастан 20 жасқа дейінгі жас жігіттер, өздері Алматы облысының тумасы. Олар азық-түлік дүкендеріне шабуылдап, ұрлық жасаған. Бұл кезеңде мегаполис аумағында 10 қылмыстық іс дәлелденді.

“Әдеттегідей, ұрлықпен айналысқан бұзақылардың әрқайсысының өз міндеттері болған. Біреуі дүкенге кіріп жағдайды бақылап шығып, көлікте күтіп отырған сыбайластарына хабар беріп тұрған. Арам ниетті бұзақы бұл әрекетінен мүлдем күдіктенбеген әкесінің көлігін алып, жүргізуші міндетін атқарған”,- дейді ІІБ Қылмыстық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов олардың қылмыстық схемалар туралы.

Жағдайға байланысты, олар міндеттерін кезектесіп орындаған. Содан қолайлы уақыт туғанда медициналық бетперде киіп, қолдарына таяқ пен ойыншық тапанша ұстап кассирді қорқытып, ақша талап еткен. Онымен қоймай, темекі, ішімдік, кәмпит секілді тауарларды алып кеткен. Өндірісте жасырын ұрлау фактісі болғаны да дәлелденді. Бұзақылар дүкен тонап қана қоймай, терезе арқылы балабақшаға кіріп, екі теледидарды ұрлап кеткен.

Қылмыстық топ тек кешкі уақытта және түнде ғана ұрлыққа шығып отырған. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың барлық мүшелері тұтқынға алынды және бөлімшеде түсініктеме беруде. Олардың жасаған қылмыстарына қатысты тергеу амалдары және тексеру жүргізілуде.

«Ұсталған барлық күдікті өз кінәларын толығымен мойындады. Қазір олар қамауда. Ұсталғандардың бірі бұған дейін біреудің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартырған», – деп қорытындылады полковник Ысқақов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау