Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жануарларды клондайтын фабрика ашылды

 Қытайдың Тяньцзин қаласында жануарларды клондайтын ірі фабрика тұрғызады.

Қытайда жануарларды клондайтын фабрика ашылды

Тяньцзинь қаласы Пекиннен 200 шақырым жерде орналасқан. Сол жерде әлем бойынша жауырларды клондайтын ең ірі фабрика салынбақшы. Оның инвестициясына  34 миллион доллар бөлінді.

Зауытта ит, сиыр мен аттарды жаппай клондайды. Фабриканың өзінде зерттеу зертханасы, клондау орталығы, тұқым сақтайтын банкі және көрме бөлмесі болады.

Құрылыспен қытайдың ең ірі компаниясы “Boyalife Group Ltd” қызы болып саналатын, “Yingke Boya Gene Technology (Tianjin) Ltd” компаниясы айналысады. Бұл компания биомедицина мен бағаналық технологиямен айналысумен мамандандырылған. Бірақ құрылыстың әлі қай уақытта бітетіні айтылмады.

Компания бұғанға дейін оңтүстік корейдің Sooam Biotech Research Foundation компаниясымен бірлесіп бірінші рет итті клондаған болатын. Сонда бірнеше елге кеден мен аэропорттарға пайдалану мақсатында 550 ит  шығарылды.

Талқылау