Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұзы аз диета тағамдарының қауіптілігі анықталды

Макмастерский университетіндегі Эндрю Ментенің жетекшілігімен бір топ ғалымдар тұзы аз диета тағамдарының жарияланып жүргендей пайдалы еместігін, оның жүрек-қан тамырлар жүйесіне зияны болуы мүмкіндігін айтады.

povarennay_sol_3

Сурет: xn—-8sbiecm6bhdx8i.xn--p1ai 

Халықаралық зерттеуге 49 елден 130 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар тұзы аз тағамдардың жүрек қан тамырлар жүйесі мен инсультке тигізер зиянын анықтап көрді. Зерттеуге қан қысымы қалыпты және жоғары адамдар алынды.

Нәтижесінде түзды аз тұтынатын адамдардың инсультке, жүрек талмасына жиі ұшырайтынын анықталды. Сондай-ақ, гипертензиямен ауыратын адамдардың тұзды аз тұтынғаны абзал. Әлем халқының тек 10 пайызы ғана тұзы аз тағамдар диетасын ұстануы қажет. Қалғандарына бұл ешқандай пайдасын әкелмейді.

Қазіргі уақытта диетологтар денсаулыққа зияны тимеу мақсатында тағамға тұзды аз қосуға кеңес береді. Алайда, бұлай істеу арқылы жүрек-қан тамырлары жүйесіне кесірі тиюі мүмкін. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, күніне 5 грамнан көп тұз тұтыну қан қысымын жоғарылауына алып келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Денсаулыққа айтарлықтай зиянды тағамдар

Талқылау