Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстарының таяқтауынан шаршаған бала полициядан өзін бейімдеу орталығына жайғастыруды сұраған

Маңғыстауда 13 жасар бала полициядан көмек сұрап хабарласқан. Ол өзін кімелеттік жасқа толмағандарды бейімдеуге арналған орталыққа жайғастыруды сұраған. Баланың айтуынша 2015жылы әкесі өмірден өткеннен кейін оны туысқан ағалары жиі таяқтайтын болған.

1455086102

Бұл туралы Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Лада басылымы хабарлайды.

Сотта бала туған анасын туылғалы тек бірнеше рет ғана көргенін айтқан. Әйел үйінен кеткен кезде баланың жасы небәрі үште болған.

«Әкесі өмірден өткелі туысқан ағаларының күнделікті таяқтауына шыдамаған бала өзін арнайы бейімдеу орталығына жайғастыруды сұрап полицияға келген. Сот шешімімен оның анасы ата-аналық құқығынан айрылған. Сотта баланың анасы  А- есімді азамат бұл жайтқа байланысты еш қарсылық білдірмеген. Сот әйелдің баланы қарауына ала алмау себебін, тұратын жайы мен жұмысы жоқтығымен байланыстырған. Бала да өз кезегінде анасын ата-аналық құқығынан айыруды сұраған»,-делінген хатта.

Соттың үкімімен бала  тұрғылықты жайы бойынша білімберу бөлімінің қамқорлығына берілді. Оның анасы баланың күтімі үшін білім бөліміне алимент төлеп тұруға міндеттелді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеге.

 

 

Талқылау