Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстары Медеттің өліміне қол жұмсауға итермелейтін мультфильмдердің себеп болғанын айтады

22 сәуір күні өлі күйінде табылған 14 жастағы Медет Маратовтың жақындары қыздың өздігінен ұлын өлтіруі мүмкін еместігін айтады. Олардың айтуынша, Медеттің өліміне өзіне қол жұмсауға итермелейтін небір мультфильмдерді көрген жасөспірімнің қатысы болуы мүмкін.

Безымянный

 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Айта кетейік, 20 сәуірде 14 жастағы Медет Маратов мектептен соң үйіне оралмай, іздестіру жүргізілген еді. Екі күн өткен соң полицейлер оны өлі күйінде тапқан болатын. Оның өліміне күлдікті ретінде сыныптас қызы алынып, полицейлер оны ата-анасының жауаптылығымен босатқан.

Алайда, Медеттің туыстары полицейлер тарапынан айтылған нұсқаға күмәнмен қарайды.

«Ұлым бұл қыздың туған күніне сыйлық жасау үшін қазандық жанында кездесуге шақырғанын бірнеше рет айтқан. Ол қыз ұлымды қазандық маңына алдап шақырған болуы мүмкін. Ал, ғимарат ішінде не болғаны ешкімге белгісіз. Бірақ, біз ұлымның өліміне ол қыздың жалғыз өзі қатысқан дегенге сенбейміз. Бұл қылмысқа өзгелер, үлкен жастағы біреулердің қатысы болуы мүмкін. Оларды біреулер жауып отыр. Ол қыздың өзінен үлкен жігіті бар деп естігенбіз. Қызын ұлымнан қызғанып, осындай әрекетке баруы мүмкін», – дейді Медеттің анасы Нәсима Мұқашева.

Медеттің жақындарының айтуынша, күдікті қыздың «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында «Маған анамнан басқа ешкім төрелік айта алмайды» деп жариялаған жазбасы бар. Олар қыздың осы жазбасына қарап оның өзіне қол жұмсауға итермелейтін анимациялық мультфильмдерді көп көреді деген шешімге келген. Сондықтан туыстары Медетті осындай ағымның құрбаны болды деп санайды. Енді Медеттің анасы кіші ұлының қауіпсіздігі үшін оны мектепке жібермей үйден оқытып жатыр. Бұған мектеп мұғалімдері де келіскен екен.

Медеттің сыныптастары оның өліміне 17 жастағы жігіттің қатысы болуы мүмкін екенін айтады. Олардың айтуынша, Медетті көлікке күштеп мінгізіп, бұзылған қазандық маңына апарған. Оны өлтірудің себебі қызғаныштан туған.

Мектеп қызметкерлері Медеттің жуас бала болғанын айтады. Ал, күдікке ілінген қыздың озат оқушы екенін, сыныптастары арасында белсенділігімен көзге түсіп жүрген алдыңғы қатарлы оқушы екенін растады. Ұлты орыс болғанына қарамастан 8-сынып оқушысы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Мектеп басшылығы оның мұндай қылмыстық әрекетке қатысуына не себеп болғанын түсінбей дал.

Артур Власов

 

Талқылау