Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам шошырлық тұтқындағы өмір: Қазақстандық қызды Мәскеуде 5 жыл бойы құлдықта ұстаған

Қазақстандық азаматша Ресей астанасында 5 жыл бойы құлдықта болып, адам шошырлық жағдайларды бастан кешірген. Шымкент тұрғынының айтуынша, оны алдап алып кетіп, шекара асқаннан кейін ұрып-соғып тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеп қойған.

Безымянный

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Бостандық есімді қыз өзінің шын есімін айтудан бас тартқан. Айтуынша, ол 1998 жылы Мәскеуде жұмыс істеуге келіседі. Таныс ерлі-зайыптылар оған бір отбасында бала күтуші жұмыс бар екенін айтады. Олар тіпті құжаттарды рәсімдеп, пойызға билет те алып берген. Келе салған бойда жақсылап қарсы алады: жақсы үй, аса қиын емес жұмыс. Бірақ, олардың жақсы қарым-қатынастары ұзаққа созылмаған. Бостандық ұзақ жылдарға созылған құлдықтың құрбанына айналады.

“Мен ешқашан бала қараған емеспін. Ол кезде менің өзім бала едім. Бір аптадан соң олардың әкесі менің балалардың қасында ұйықтамайтынымды айтты. Бірақ түнде қалай ұйықтамауға болады? Ол мені ұрды да: “Сен неге ұйықтайсың? Сен балаларға қарау керексің!” деді. Сол уақыттан бастап мен қорқа бастадым. Жұмыстың шарты біртіндеп қиындай бастады”, – дейді Бостандық.

Ол тәулік бойы балаға қараған. Ал үй иелері қыздың құжаттарын тартып алып, еш ақша төлемейді. Біртіндеп үй иелері оған қол жұмсай бастаған. Сол кезде барып ол қашып шығуды ойластыра бастайды.

8585

“Мен вокзалға кеттім. Қазақстанның пойызы келіп тұрған. Бірақ менде не ақша, не құжат, не билет болмады. Соңғы вагонға қарай жүгіріп барамын. Қарасам артымнан үй иесі Антон мен оның шофері Бақытжан жүгіріп келе жатыр екен. Антон қолымнан тартып ұстап, қайда барасың деді. Мен оған ақшаң да, үйің де керек емес деп, мен туыстарымды сағынғанымды, осы пойызбен кететінімді айттым. Ол “мен сені шығарып салуға келдім, қазір билет алып беремін” деді. Ал сосын вокзалға кірместен бірден көлікке алып келді”, – дейді ол.

Осылайша оған құжатын да, ақшасын да берместен алып кетеді. Қыз қанша жылап жалынса да Антон оның өтінішіне құлақ аспаған. Ал үйге әкеле салысымен ұрып, қолын сындырған. Айтуынша, сол жердегі көптеген қыздар да, сондай құлдықтың, аяусыз ұрып-соғудың құрбаны болған. Тек бес жылдан кейін ғана Бостандық пен тағы бір тұтқын қыз қашып шығады. Ал туған жерге табандары тигенде қуаныштан жылап жіберіпті. Бостандықтың айтуынша ол полицияға арыз жазғанымен, тәртіп сақшылары арызды қабылдамапты. Кейін тұрмысқа шығып, бала босанып алады. Бірақ, күйеуі оның өткен өмірі туралы білген кезде отбасын тастап кеткен.

Кейін Бостандық “Сана сезім” құқықтық орталығынан көмек сұраған. Ол өзін бес жыл бойы құлдықта ұстағандардың жазалануын қалайды.

4141

“Қазіргі таңда бізде адам саудасына қатысты нақты заң жоқ. Бізде қылмыстық кодекстің баптары бар: 128 – адам саудасы, 135 – кәмелетке толмағандарды саудалау. Бұл дәлелденуі қиын баптар. Егер тауар ретінде алып қарасақ, бұл немесе тауар, немесе ақша. Ал негізінде – тауар, ақша, адам болуы тиіс. Сол кезде барып адам саудасын нақты дәлелдеуге болады. Сондықтан мұндай қылмыстарды жеріне жеткізіп дәлелдеп, жазаға ұсыну қиын”, – дейді заңгер Лилия Халиулина.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, адам саудасы қылмысы әлемде үшінші орында. Оның алдында қару мен есірткі саудасы тұр.

“ІІМ мәліметі бойынша былтырғы жылы ОҚО-да 135 бап бойынша кәмелетке толмағандар саудасына қатысты 20 факт тіркелген”, – дейді “Сана сезім” құқықтық орталығының президенті Хадиша Әбішева.

636

Ұйым қызметкерлерінің айтуынша, құлдық қамытын кигендер көбіне-көп арыз жаза бермейді. Олар бұрынғы иелерінен қорқады немесе туыстары тарапынан сынға ұшыраймын деп қауіптенеді. Алайда мұндай жағдайда үнсіз қалудың өзі – қылмыс. Өйткені, қылмыскерлердің жазасыз қалуы олардың әрі қарай да қылмыс жасауына итермелейді. Сол себепті “Сана Сезім” ұйымы кез-келген осындай жағдайда хабарласуды сұрайды: 7 (7252) 551 – 200, 551 – 300.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойған

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

24 жастағы қазақстандық Швейцария университетінде сабақ беріп жүр

Талқылау