Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тутанхамон мазарынан жасырын екі бөлме табылды

Мысырдың тарихи жәдігерлер істері бойынша министрі Мамдох Элдамати радиолокациялық сканерлеудің арқасында Тутанхамон мазарында ең кемі екі жасырын бөлме бар екенін анықтағанын жария етті. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.

тутоннн

Министрдің сөзіне қарағанда, сканерлеу негізінде алынған ақпараттың дәлдігі 90% шамасында.

Жасырын бөлмеде ежелгі мысыр патшайымы Нефертити патшайымының қабірі болуы мүмкін, деп болжайды археологтар.
Нефертити біздің заманымызға дейінгі 1351-1334 жылдары Ежелгі Мысырдың патшайымы, перғауын Аменхотептің әйелі, Тутанхамонның өгей шешесі болған.

Өткен жылы Николас Ривз Тутанхамон мазарының суреттерінен онда екі тұстағы кірпіштердің кейін сыланғанын байқап, есіктің орны болуы тиіс деп болжаған. Ол әлі табылмаған Нефертити патшайымының қабірі болуы мүмкін. Осыдан кейін осы тұсты сканерлеу жөнінде шешім қабылданды.

Еске сала кетсек, Тутанхамон мазары 1922 жылы табылды.

Талқылау