Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов композитор болып хит әндер жаза бастады

Енді танымал әншілердің орындауындағы сізге ұнаған әндердің әуенін Тұрсынбек Қабатов жазған десе таң қалмаңыз. Себебі ел сыйлайтын серінің құпия ұстаған өнері жайлы енді белгілі болды. Оның өзін әріптестері аңдамай айтып қойған,-деп жазды Stan.kz.

Қабатов бұған дейін Ғаділбек Жанайға ән жазып берген. Әнші оны орындап талай жанның жүрегін тебірентіп те үлгерген. Бірақ, ән авторы жайлы көпшілік алдында еш айтпапты.

Қабатовтың композиторлығы жайында Гүлнұр Оразымбетова бар шындықты айтып қойды.

“Тұрсынбек айтқан болатын жаңа ән дайындап жатқанын. “Гүлнұр ол сенің дауысыңа жақсы келеді деп ойлаймын.Енді жақсы сөз жаздыру керек”деді. Мен бұл сөзді үш жыл бұрын естігем. Енді уақыт өте артынан қалмай сұрадым, ән дайын болды. Жас ақын қызға сөзін жаздырдым. Тіпті клип түсіргелі жатырмын. Шығыс стиліндегі керемет туынды боларына сеніп отырмын”,-дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Алдағы уақытта халық тыңдап, Тұрсынбектің сазгерлігіне өз бағасын береріне сенімдіміз.

Оқи отырыңыз:

Ділназ Ахмадиева отбасылы сүйіктісін жайына қалдырғанын айтты

Асхат Садырбай: Мәйіт шығатын үй ас бермеуі керек

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Стереотипке түкіргенім бар: Жәния Джуринская тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты

Талқылау