Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов “Астана” – “Спартак” матчінде жанкүйерлер секторын шулатты (фото)

Белгілі әзілкеш және шоумен Тұрсынбек Қабатов Чемпиондар лигасы аясындағы ойын кезінде “Астана” футбол клубының жанкүйерлер секторының дабылшысы әрі қолдаудың бастамашысы болып тұрды.

596fd3e542b753cedccb51911be46f9d

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Астаналық футбол клубының медиа-офицері Дмитрий Нестеренконың сөзінше, “Астана” – “Спартак” (Латвия) матчында көзге бірден түскен жанкүйерлердің бірі актер, шоумен және продюсер Тұрсынбек Қабатов болды.

d3074a8027eda9c8b0bc213ac9f03925

Тұрсынбек матчты VIP секторында отырып, тамашалауға келген жоқ. “Астана” жанкүйерлеріне барып, қатарларына алуды сұрады. Осыдан кейін ол “Астана Аренаның” шулы секторындағы белсенділердің бірі болды.

photo_2798

“Қабатов қолдау білдіруді бастаушылар қатарында болды, дабылды да сол ұрды, жалпы айтқанда жанкүйерлер арасына сіңісіп кетті”, – дейді Нестеренко.

9a4976c2880ed1b4ebd56e464c528bee

“Астананы” сүйем – Қазақстанның үздік клубы, Еуропада еліміздің спорт беделін маусым сайын арттырып келе жатқан команда. Өзімді осы клубтың жанкүйері деп есептеймін. Кеше жанкүйерлер секторында керек екенімді сездім, сүйікті командама энергетикамды бағыттауым керек болды. Көріп тұрғандарыңыздай – сәтті болды, “Астана” келесі іріктеу кезеңіне өтті”, – дейді Тұрсынбек Қабатовтың өзі.

1b3bc61f5acfb5e5a908328daaa674fa

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісова әкесі қазған құдықты көрсетіп мақтанды (фото, видео)

Бүркіт 40 жас туған күнінде ешкімге айтпай әйелімен Бішкекке кетіп қалған (фото)

Айқын Төлепберген су жаңа көлігін көрсетіп мақтанды (фото)

Қоянбаев туған күнін еуропалықтарша ашық аспан астындағы мейрамханада тойлады (фото, видео)

Талқылау