Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбаева тойда қыз ұзатып, әншілікке бет бұрды (видео)

Айнұр Тұрсынбаева сахнадағы әріптесі Сара Тоқтамысованың қуанышын бөлісіп, оның сіңлісін ұзатып берді.

3788BBC500000578-0-image-a-2_1472010734192

Фото: instagram.com/sarkanai/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Сахнада қатар отырып айтысса да, шынайы өмірде туған әпкелі-сіңлідей араласатын айтыскерлер бір-бірінің қуанышын бөлісіп жатыр. Күні кеше Айнұр Тұрсынбаева Сараның туған сіңлісін ұзатып берді. Бұл Сараның әкесінің көптен бері айтып жүрген тілегі екен.

Сара Тоқтамысова желі қолданушыларының өтінішімен ұзатуда түсірген видеоларын бөлісті. “Ұзату тойдан көрініс. Үйдегілерге “ұзатуда пора-пораларың шығып жылауды қойыңдар” деген едім. Бірақ бәрібір әсерлі екен. Әкем Айнұр ұзатса деп қалауы солай болды. Апамның әні көңілдерді босатпай қоймайды”, – дейді ол.

13643041_163950040676600_23820774_n

Мұнымен қатар, Сара желі қолданушыларынан мұны мақтаншақтыққа баламауды өтінді. Тек дайректке жазылған өтініштерге бола видеоларын бөліскенін айтып жатыр. Желі қолданушылары керісінше айтыскерге алғыс айтып, ақ тілектерін жаудырды.

13707028_288935018128927_1691891999_n

“Көріп отырып жыладым. Өзімнің осыдан 7 жыл бұрынғы ұзатуым есіме түсіп кетті. Динара, Сарадай апаң барда еш уайымдама”, “Мықты! Қосып-алары жоқ! Жүгірген еңбегіңіз еленді. Тойларыңызға жоғары баға береміз”, “Айнұр – Сараның туысы, ауылдасы, бір Семейдікі. Ән айтса да, жырласа да жарасады оларға. Сіңліңіздің бағы жансын”, “Бақытты болсын! Керемет айтып жатыр, Айнұр әпке! Қыз деген жат жұрттық деген осы ғой” дейді желі қолданушылары.

Естеріңізде болса, Айнұр Тұрсынбаева Алтынай Жорабаевамен бірге Түркияда демалып жатқан болатын. Ол Сараның шақыртуымен демалысы аяқталмай қайтып келгенін айтып жатыр. “Сара екеуіміз бір ауылданбыз, туыспыз. Сара өнерге алғашқы қадамын маған пародия жасаудан бастаған. Бүгін Сараның әулетіндегі тойға арнайы Анталияны тастап келдім ғой. Әр әулетте той болсын, ағайын! Қазір Динара сұлуды ұзатамыз”, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева майлы бетті қалай күту керектігін айтты

Танымал әзілқой енді ешқашан Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасамайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау