Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбаева мен дәстүрлі әнші қазақшалап ет асудың ең дәмді әдісін ұсынды (фото)

Алты баланың анасы, дәстүрлі әнші Зәуре Жәкешева  соғымды сақтаудың ең тиімді тәсілін атады.

Қазақылықты бойына сіңірген әнші үйде тамақ әзірлеу жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды екен. Етті асқанда да оның  дәмі ерекше дейді ел алдында жүрген танымал азаматтар.

«Етті асқанда дәмі сол сәттегі әрекетке байланысты емес. Ол еттің алдын ала тұздалуына тікелей байланысты. Қазір қалада етті мұздатқышта ұстаймыз. Содан оның дәмі болмай қалады. Жылқыны сойған бетті оны әдемілеп тұздау керек.

Ол кезде тұзға сарымсақ қосу керек. Сарымсақ ерекше дәм береді. Кейде пияз қосамыз. Бізде мысалы қара бұрыш қоспаймыз. Етті осылайша тұздағаннан кейін бір түнге салқын жерге қойып қою керек. Қазы, шұжықтарды жарты күнге кептіріп қою керек.

Яғни салқындау жерге жаямыз. Міне осыдан кейін барып тоңазытқышқа салсаңыз болады»,-дейді әнші.

Дәстүрлі әншінің сөзінше  еттің қамырына да ұлкен жауапкершілікпен қарау керек. Сонда ғана ас ерекше дәмді болады екен.

«Мысалы, қайнап жатқан еттің сорпасына тұз ғана қосып қамырды қатты етіп илеу керек. Мен жұмыртқаға қарсымын. Себебі ол өте ауыр, асқазанды ауыртады.Тұшпараға ғана жұмыртқа қосамын. Қамырдың иінін қандырып тұрып илеу керек.

Тұздықты қайнатпайды. Көпшілік осыны білмейді. Еттің майын алдыңыз, бетіне пиязды саласыз, аздап тұз қосасыз. Бір бұрқ етті ме болды.

Бірден тұздықты оттан түсіру керек. Қатты қайнап кетсе пиязды дәмі кетеді, тұздықтың түрі де болмай қалады. Кейде тіпті отқа қоймай, еттің бетіне құяберуге болады»,-дейді дәстүрлі әнші  Зәуре Жәкешева.

Ал, белгілі айтыскер ақын Айнұр тұрсынбаеваның етті ерекше асатынын желідегі парақшасы мен айналасындағы достары жиі айтады. Қазақстан Ұлттық арнасындағы «Бақытты әйел» бағдарламасын жүргізіп жүрген ақын телекөрермендерге өз кеңесін де айтып өтті.

«Етті мен асқаннан кейін сорпасын бөтелкелерге салып, бір-екі айға дейін қолданамын. Оған лимон қосып ішсеңіз күн суықта бойыңыз жылып, кешке дейін жақсы жүресіз. Кейде сол сорпаға картоп, сәбіз қосып кешкі асқа да айналдыра аласыз»,-дейді Айнұр ханым.

Ал алты баланың анасы Зуәре Жәкешева сорпаның ерекше дәмді болу құпиясын да ашты.

«Етті суық суға салып бір қайнатып аласыз. Жарты сағаттың ішінде қайнайтын болар. Сол кезде сәбізді, картопты, пиязды аршымай, тек жуып салақоясыз. Сорпаның дәмі ерекше болады. Еттің түрі де әдемі болады»,-дейді Зәуре Жәкешева.

Оқи отырыңыз:

Алматыда үйге түскен ұры перденің артына жасырынған жерінен ұсталып қалды

Шымкент әкімі есеп беруді орысша жүргізбеген аудан әкіміне ұрсып тастады

Шымкенттік студент күріш қауызынан аккумулятор жасауды ойлап тапты

 

Талқылау