Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбаева елдегі демалыс орындарының бағасына көңілі толмайтынын айтты

Айнұр Тұрсынбаева еліміздегі демалыс орындарының қол жетімсіз бағасына көңілі толмайтынын айтты.

0

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айтыскер ақын өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында ас әзірлеу тәсілдерімен, сұлулығының құпиясымен жиі бөлісіп отырады. Мұнымен қатар, қоғамдық мәселелерге қатысты аз-кем пікір білдіретіні бар. Бұл жолы Тұрсынбаева Қазақстандағы демалыс орындарының қымбат бағасына көңілі толмайтынын айтты.

“Қазақстанда демалу өте қымбат екені рас қой. “Айнакөлде” демалудың бағасы осындай болса,”Оқжетпестің” бағасы бұдан екі есе жоғары. “Rixos-Borovoe” үш есе.  Мұнымен қатар, Түркиядағыдай сапалы қызмет мүлдем жоқ деуге болады.  Қарапайым xалықтың қалтасы көтеретіндей неге бір демалыс орнын салмасқа?!” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

0

Айтыскердің бұл пікірін желі қолданушылары да қоштай түсті. Олар да отандық демалыс орындарының тым қымбат екенін айтты.

“Отандық туризмді дамыту үшін ең бірінші өз халқымызға бағасы қол жетімді болуы керек. Содан кейін ғана өзге елдерден келеді”, “Демалысқа түрік, араб елдеріне барамыз. Тамақты Ресейден, киімді Қытай мен Қырғыздан алдырамыз.

Үй салсақ ақшаны өзбекке береміз. Ай сайын алатын жалақының жоқ дегенде 30%-ы елде қалмайды. Сол өзі саяси астарлы мәселе емес пе екен деген ой келеді кейде”, “Осындай баға болған соң қазақтар тек шетелде демалады” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаеваның кеңесіне құлақ асқан әйел бала көтерген

Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды

“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау