Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысы нашар көпбалалы отбасынан шыққан белгілі боксшы мың адамға пәтер алып берді

Жағдайы төмен көпбалалы отбасынан шыққан Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған жүлделеріне өзі туып-өскен ауыл тұрғындарына үй тұрғызып берді. Кедей отбасынан шыққан спортшы бала күнінде бауырларымен күн көру үшін сәбіз, қызылша сияқты жемістердің тамырын жеп,  бананмен тамақтанған. Осындай кедейліктің бейнетін көрген Мэнни отбасын асырау үшін 12 жасында жұмысқа орналасып, еңбектенген.

Мэнни Пакьяо

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ол көше бойында тәттілер сатып, бос уақытында бокспен шұғылданған. Оған сол уақытта немере ағасы қолдау көрсетіп, көмектескен. Оның айтуынша, Мэнни ешқашан жалқау болмаған. Ол табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында сегіз салмақ дәрежесінде әлем біріншілігін жеңіп алып, әлемдегі жалғыз боксшы атанды. Атақты спортшы бұдан бөлек саясатпен де айналысып, конгрестегі сайлауда жеңіске жетті.

Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған алғашқы қомақты жүлдесіне өзі туып-өскен Танго елді мекенінің кедей тұрғындарына бірнеше үй салып берді. Уақыт өте келе үйсіз-күйсіз жүрген мың отбасыға баспана тұрғызған.

Әлемге танымал бокшы Мэнни Пакьяо өз елді мекенін “Пакман-вилладж” деп атады. Ол балалар бос сенделіп, есірткіге әуес болып кетпеуі үшін оларға арнап спорт алаңдарын, қоғамдық саябақ және көпбейінді орталық салдырды.

Мэнни Филиппиндегі ең табысты және ең бай адамдардың қатарында. Кедей отбасынан шыққан атақты боксы ешқашан жетістігімен мақтанған емес. Ол өз ісімен жастарға, тұтастай алғанда әлемдегі барлық адамға үлгі бола білді.

Оқи отырыңыз:

Ер адам 13 жасар ұлын көлік ұрлаушы деп ойлап, абайсызда атып өлтірді

Лотереядан екі миллион доллар ұтып алған әйел қателесіп билетін лақтырып жіберген

Әкесі ұлына бүйрегін беру үшін 51 келі салмақ тастады

“Манчестер Ситидің” жанкүйері әйелін бәске қойып, жеңіліп қалды

 

Талқылау