Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмыстық химиялық заттардың зияны қандай?

Тазалағыш құралдарды үнемі қолдану арқылы үй тазалау күніне бір қорап шылым шегу секілді ағзаға теріс әсер етеді. Бұл туралы Берген университетінің ғалымдарының зерттеулерінде айтылған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тұрмыстық химиялық заттардың зияны қандай?

Зерттеулерге сүйенсек, еден жууға арналған сұйықтықтар мен ванна жуатын шашыратқыштардың ең кішкене бөліктерінің өзі өкпеге жиналып, соңы ауыр асқынуларға, тіпті демікпеге әкелуі мүмкін.

Сонда үйді денсаулыққа зиян келтірмей қалай таза ұстауға болады:

Жинақтаушы әсер

Норвегиядағы Берген университеті ғалымдарының 22 жыл бұрын бастаған тәжірибиесіне 6,235 адам қатысты. Олардың барлығы аптасына бірнеше рет бөлме тазалады. Олар өз пәтерлері мен үйлерінде немесе тазалау компанияларында және арнайы шақырту бойынша тазалық жұмыстарымен айналысты.

Ғалымдар тіпті, тәжірибе барысында күтпеген нәтижелерге қол жеткізді. Сонда тазалық жиі жүргізілген сайын, сол тазалықты жүргізген адамдар қайталанатын тыныс алу ауруларымен ауыра берген. Сондай-ақ, зерттеушілер ұқыпты үй иелерінде демікпе дамуының ықтималдығының 40% -ға артқанын анықтады.

Сөйтсе, тұрмыстық химиялық заттардың кішкентай бөлігінің өзі мейлі ол шашатын құрал немесе тазалайтын крем болсын, өкпеге жиналады екен. Ал ол шырыштың тітіркенуіне және одан кейін болатын деформацияға әкеледі.

«Тазалағыш заттардағы химиялық қосылыстар тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына түсіп, жергілікті тітіркену мен гиперемия, ісіну басталады. Соның нәтижесінде өкпе көлемі кішірейіп, ағзаның тыныс алу жүйесі бұзылады », – дейді зерттеу авторлардың бірі Остин Свонс.

Бұл ретте, ғалымдар күнделікті тазалықтың зиянын күн сайынғы темекі шегумен теңестірді.

«Бұған дейін пәтерді тазалау темекі шегу сияқты денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін деп ешкім ойламады. Зерттеуге сәйкес, үй шаруасындағы әйелдер 10-20 жыл бойы күн сайын 20 темекі шеккен деген түсінік қалыптасады», – дейді Свонс.

Сарапшылардың пікірінше, дезинфекциялау құралдары адамның денсаулығына кері әсерін тигізгендіктен, оларды пайдаланудың негізгі қағидасы дұрыс емес.

«Егер тазалағыш құралдағы белсенді зат микробтарды және вирустарды өлтірсе, онда оның бөлшектері біздің ағзамызға біртіндеп жиналып жатыр. Ал тұрмыстық химия құралдарының бөлшектері қандай да бір конценстрацияда жиналса, денсаулықта әр түрлі бұзылулар орын алуы мүмкін», – деді Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің “Органикалық химия” кафедрасының профессоры Валерий Петросян.

Нәзік жандыларға қатты әсер етеді

Ғалымдар зерттеу нәтижелері бойынша тағы бір қызықты заңдылық тапты. Мамандардың айтуынша, жүйелі түрде тазалық жүргізу тәжірибеге қатысқан ер адамдардың ағзасына ешқандай зиян келтірмеген.

«Мүмкін, ер адамдардың өкпесі тазалайтын химиялық заттардың теріс әсеріне аз сезімтал. Сонымен қатар, бұрынғы зерттеулер көрсеткендей, еркектердің ағзасы әртүрлі тітіркендіргіштерден, соның ішінде темекі түтіні мен ағаш шаңынан да көп зардап шекпейді », – дейді Свонс.

Сонымен қатар, 20 жылдан астам уақыт тұрақты тазалық жүргізген зерттеуге қатысқан әйелдердің 13,6% -ында демікпе пайда болған.

Осындай жағдайларға байланысты норвегиялық ғалымдар өндірушілерді тазалық өнімдерінің қаптамасына аммиак пен хлор тәрізді тыныс алу органдарына зиянды заттардың бар-жоғы туралы ақпарат жазуға шақырды. Сонымен қатар, зерттеушілер ваннаны қоспағанда, үйдің барлық бөліктерін микроталшық матамен және қарапайым сумен тазалауға болатындығын еске салады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау