Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмыстағы келіншек абысынының кесірінен бала көтере алмай қалған

Есімі мен өзі туралы ашық айтуды қаламаған тұрмыстағы келіншек өз басынан өткен оқиғаны айтып берді. Ол абысынымен арадағы қатынасын баяндады.

photo_19774

Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.

“Менің тұрмыс құрғаныма биыл 5 жыл болады. Жолдасым керемет жан, сөз жоқ. Сүйіп қосылдык. Бір шаңырақтың астында 8 жан тұрамыз. Атам, енем, мен, жолдасым, қайынагам, абысыным және олардың 2 ұлы. Өзімнің ата-анам қайтып кеткен соң ба, ата енемді өте жақсы көрем өз ата-анамдай. Оларда мені өз кыздарындай көреді”, -дейді келіншек.

Абысынының адам төзгісіз мінезін сөз еткен келіншек оның енесіне қол жұмсайтынын да айтқан. Бірақ ол туралы отағалары бейхабар екен.

“Бар мәселе абысынымда. Өзі менен 7 жасқа үлкен. Үлкендігін еш көрсеткен емес осы 5 жылдың ішінде. Қайынағам өте жуас жан. Атам мен жолдасым әскери қызметтегі  адамдар. Түзде көп жүреді. Абысыным енемді мүлде сыйламайды. Дауыс көтергені былай тұрсын, қол да көтеріп жатады. Оны атам мен күйеуім білмейді. Енеме неге айтпайсыз десем, отбасында тыныштық сақтау міндетім деп қысқа қайырады. Мен айтайын десем енемнен қалай аттап өтем”, – дейді ол.

Ағынан жарылған келіншек абысынының кесірінен құрсағындағы сәбиінен айырылғанын, дәрігерлердің енді бала көтере  алмайтынын айтқанын да жасырмады.

“Кезекті ұрыста енемді қорғаймын деп ұмтылғанымда  абысыным мені итеріп жіберді, ішіммен үстелдың шетіне соғылдым. Қансырап кеттім, сөйтсем ішімдегі 4 айлық балам шетінеп кетіпті. 5 жылда әрең көтерген нәрестем еді. Жолдасым екеуміз қатты қиналдық. Шыдамай бәрін жайып салдым. Қайынағам айырлысамын деп қоймайды, араларында 2 балапандары бар ғой. Екі отрада мен кінәлі болған сияқтымын”, – дейді келіншек.

“Оларға бөлек шығындар десек, өздері шықпайды. Біз кетейік десек депозитте ақшамыз әлі үй алуға сәл жетпейді. Әрі ата- енемді де қимаймын. Үй жалдайық десек, жолдасым ақша бекер кетеді деп оған да келіспей отыр. Осының ішіндегі ең сорақысы, маған енді бала көтере алмайсыз деген дәрігерлердің айтқаны жаныма қатты батты. Жолдасымды аяймын, бала көрсе көзі жәутеңдеп кетеді. Мен не істейін? Айырлысып оның бағын байламайын ба? Бір жағынан абысыным мен қайынағам бар, олардың ажырасуына өзімді кінәлі сезінем”, – деп мұңаяды ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандағы жас отбасылардың тең жартысы отасқан алғашқы 1 жылда бала сүйе алмайды

Елімізде 1 млн-ға жуық әйел бала көтере алмай жүр

Талқылау