Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысқа шықпаған ақтөбелік әжей 23 жыл бойы баққан ешкілерімен балаларындай сөйлеседі

Ақтөбеде 23 жылдан бері ешкі бағып келе жатқан әжей тұрады. Осынша уақыттан бері санаулы ешкісін алдыға салып, күні бойы қаланың бос жерлерінде бағады.

20160713_114019-420x236

Бұл туралы TILSHI.KZ хабарлайды.

Есімін атамауды жөн көрген әжей біршама жасқа келгенін айтады. 1975 жылы Ресейдің Орынбор облысынан Ақтөбеге қоныс аударыпты. Бүгінде аға-жеңгесімен бірге тұрады.

– «Өзім күйеуге шықпадым. Балам жоқ. Аға-жеңгемнің балалары, немерелері бар. Солармен бір үйде тұрамын. Бірнеше жылдан бері ешкі бағып келемін», — дейді әжей.

Бір қызығы ешкілер біз білетін ешкілер секілді емес, иесінің айналасынан шықпайды, алысқа кетпейді.

20160713_113930-420x236

– «Мен оларды лақ кезінен бағып келемін. Әрбірімен сөйлесемін, сырласамын. Менің бақпамдағы ешкілер өте ақылды. Өзге ешкілер секілді алдыға кетіп қалмайды. Менің қасымнан бір елі алыстамайды», — дейді әжей.

Бірде көршілері әжейден ешкі сатып алса керек. Онымен, қорада тұрған үй жануарларын алабай ит талап тастапты.

-«Менің лақтарымның анасын ит талады дегенді естігенімде көзіме жас келді. Мен оларға ат қоямын. Бірін қызыл ешкі деймін, бірі сары деп айтамын. Ақ лақ пен қара лағым да секеңдеп қасымнан шықпайды», — дейді ешкі бағып жүрген зейнеткер.

Жіберіп алмаңыз:

Литвада ең әдемі ешкіні таңдау жарысы ұйымдастырылды

Иесін ешкі мен мысықтан қызғанған иттің әрекеті (видео)

Талқылау