Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысқа шыққан КешYou-дің экс-солисі күйеуін көрсетті

Жақында ғана тұрмысқа шығып, ақ келін атанған Элизат Берікова өмірлік серігін көрсетті. Бойжеткен мұндай қадамға көпшіліктің сұрауы бойынша барғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Тұрмысқа шыққан КешYou-дің экс-солисі күйеуін көрсетті

Элизат Берікова күйеуінің талабымен сахнамен қош айтысқанын хабарлаған еді. Жас әнші өмірлік серігімен 7 жылдай қыз-жігіт болып жүрген. Айтуынша, сүйіктісі оған бірнеше мәрте ұсыныс жасаған. Алайда сахна жұлдызы болуды қалаған Элизат той уақытын кейінге шегеріп келіпті. Тағаты таусылған күйеу-жігіт биыл келіспесең, басқа қызға үйленемін деп талап қойған көрінеді.

Жас жұбайлардың үйлену тойы осыдан бірер күн бұрын өтті. Элизат сол күні той көйлегімен түскен суреттерін жариялап, көпшілікті қызықтырды. Желі қолданушылары бойжеткеннен күйеуін көрсетуді сұрады.

Элизат көптің талабын орындады.

“Мінеки, менің сымбаттым. Көпшіліктің сұрауы бойынша”, – деп жазды Элизат.
Желі қолданушылары Элизат пен күйеуінің ұқсайтынын атап өтті. Олар бойжеткеннің аяғы ауыр деп болжады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау