Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

Әнші Санда тұрмысқа шыққалы жатыр. Ол тіпті қызойнағын өткізіп үлгерген. Алайда шынайы өмірде емес. Бұл бар болғаны кезекті фильмдегі оқиға.

image

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше сазгер, әнші әрі клипмейкер Арман Дүйсенов өзін режиссерлік қырынан сынағысы келетінін айтқан болатын. Енді міне сазгердің ойлағаны жүзеге асып, “Питерлік оралман” атты фильм түсіріп жатыр.

Аталған туындыда әнші Санда басты рөлдердің бірін сомдайды. Ол фильм желісі бойынша сүйіктісіне тұрмысқа шығады. Тойдың алдында қызойнақ өткізеді.

“Жуырда тұрмысқа шығамын. Дәл қазір қызойнақ жасап жатырмын”, – дейді Санда.

Фильмде Дастан Оразбеков, Динара Бақтыбаева, Аша Матай сынды танымал жұлдыздар да ойнайды. Ал Арман Дүйсеновтің өзі аталған фильмнен бой көрсетпесе де, оның барлық саундтрегін жазуды өз мойнына алған.

Мой девичник ✌😋💍 #оралманизпитера#Санда#девичник

Видео опубликовано 🌟SANDA🌟 (@sanda_singer)

Мұнымен қатар, фильмнің продюсері ғана емес, сценарийсі. Ал картинаның режиссері – Әлен Ниязбеков.

Жастар туралы комедиялық туынды күзде көрермен назарына ұсынылады деп күтілуде.


Жіберіп алмаңыз:

Санда тыңдармандарына ұнамай қалған бейнебаянын 150 долларға түсіргенін

Санданың Батумиде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Санда кезекті бейнебаянын Батуми қаласында түсіріп жатыр (фото)

Тыңдармандар Айдана Меденованың жаңа бейнебаянына оң бағасын берді

Талқылау