Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмысқа шығуды армандаған қазақстандық бойжеткен көлігіне хабарландыру ілді

Тұрмысқа шығуға асыққан қазақстандық бойжеткендер өздерінің көлігіне хабарландыру іле бастады. Ең бірінші болып Алматы тұрғыны көлігіне хабарландыру жапсырды. Бойжеткен өзінің есімін құпия ұстауды жөн көрген.

21eaabfd63587f648f5576b6cf7067af

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Батыл бойжеткен журналистерге берген сұхбатында “Табысқа қалай жетемін?”, “Мен ақылдымын, бірақ ақымақ секілді өмір сүремін”, “Миллионды қайдан аламын?” сынды тренингтерге қатысқанын айтқан.

-Енді мен тұрмысқа шығып, ең болмағанда бір жігітті бақытты еткім келеді. Мен отбасы бақытының әйелдің қолында екенін жақсы түсінемін. Мұнымен қатар, ер азаматты бақытты етудің түрлі тәсілін меңгердім. Тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздар өздерінің ұяң мінезін жеңулері тиіс. Еркектер батыл қыздарды ұнатады. Айтпақшы, мұны мен хабарландыруыма назар аударған жігіттерден естіп білдім”, – дейді бойжеткен.


Жіберіп алмаңыз:

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Оқушы қыздардың биі жұрттың ашуына тиді (видео)

Желіде қыздардың құлағын бояйтын жаңа тренд сәнге айналды (фото)

Adam: Қыздар, жылаңыздар. Мен отбасын құрдым (фото, видео)

Талқылау