Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Turkvizyon-2015»: «Орда» тобы екінші орынды еншіледі

Бүгін Түркияның Стамбұл қаласында Яхья Кемаль Беятлы мәдениет сарайында «Turkvizyon-2015» конкурсының гранд-финалы өтті. Оған биыл 21 елдің әншілері қатысты.

21

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Санаулы сәт бұрын мәреге жеткен өнер додасында Қазақстанның атынан шыққан «Орда» тобы 185 ұпай жинап, екінші орынды еншіледі. Қазақстандық өнерсүйер қауым бұл ерекше конкурсты «Хабар» арнасы арқылы тамашалады.

Бірінші орынды 194 ұпаймен Қырғыз елінің өнерпазы Жеедеш Ыдырысова жеңіп алса, ал үшінші орынды 175 ұпаймен Түрік елінің Гөркем Дурмаз есімді әншісі олжалады.

Төртінші және бесінші орында 165 ұпайдан алған Македония (гагауз ұлтының өкілі) мен Сирия тұр.
Гранд-финалда Turkvizyon ән байқауының тарихында тұңғыш рет былтырғы сайыстың жеңімпазы Жанар Дұғалова қонақ ретінде ән шырқады.

Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени-рухани байланысын нығайтуды көздейтін байқауға қазақ елі жыл сайын қатысып келеді.

2013 жылы Түркияның Ескишехир шаһарында 24 елдің қатысуымен алғаш рет өткен сайыста қазақстандық «Ринго» тобы 9 орыннан көрінсе, былтыр Татарстан астанасы Қазан қаласында әнші Жанар Дұғалова “Ізін көрем” әнін шырқап, дүбірлі доданың бас жүлдесін иеленді.
Елімізде «Turkvizyon-2015» ұлттық кезеңінің финалдық туры 6 қарашада Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Жеңімпаз смс-дауыс беру жолымен тікелей эфирде анықталды.

Ұлттық финалға Ардақ Алекешев, Альбина Оганесян, Азамат Бекбергенов, “Арай” тобы, AIBOO, Бауыржан Ретбаев, Бейбіт Қошқалиев, Гүлмира Жұмабекова, Диас Аблаев, Ерген Айтымбетов, Қамар сұлу, Мархаба Сәбиева, Райым Уайыс, Руслан Бердіматов, Рүстем Жүгінісов, “Сарын” тобы және Ханайым сынды әншілер қатысты.

Turkvizyon – “Евровидение” байқауының түркі әлеміне арналған баламасы. Байқаудың аудиториясы 300 миллион адамнан асады.

Талқылау