Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы үш қыздың оқиғасы: Өгей ананың өз ұлы балалар үйіне жіберілді

Түркістан облысында өгей қыздарына қорлық көрсетті деп күдіктеліп отырған әйелдің бір жарым жасар ұлы балалар үйіне жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Түркістан облысындағы үш қыздың оқиғасы:  Өгей ананың өз ұлы балалар үйіне жіберілдіСурет: Көрнекі сурет

Білім беру басқармасының мәліметінше, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау үшін белгілі шаралар қабылданған. 

«20 сәуірде кәмелет жасқа толмаған үш апалы-сіңлілі Шымкенттегі «Кәмелет жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырылды. Сол отбасындағы бір жарым жасар бала Шымкенттегі «Мамандандырылған балалар үйіне» жіберілді», - делінеді хабарламада. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады. 

Бүгінде күдікті екі айға үй қамағына алынған. Сот оның жүктілігі мен кішкентай баласы барын ескеріп, осындай шешім шығарыпты.

Талқылау