Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 2 жасар баланы құтқарған 5-сынып оқушысы марапатталды

Жетісайда Шоқан Уәлиханов атындағы №2 орта мектептің соңғы қоңырауында кішкентай баланы құтқарған бесінші сынып оқушысы Бекназар Мейрамбеков марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

meirambek

Фото: shymkenttv.kz

Оқиға 2 сәуірде болды. Екі жасар Бақытбек Сабыржан кәрізге түсіп кетті. Жақын жерде ойнап жүрген бауырлары көмекке ұмтылды. Бірақ бала судың тереңіне түсіп кеткендіктен алып шыға алмады. 

Балалар арасында болған 11 жасар Бекназар Мейрамбеков сырт киімін шешіп тастап, құдыққа кірді. Судың ластығна қарамастан, ол тұншыққан баланы шығарып алды. Баланың өмірін сақтап қалды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің төрағасы, генерал-майор Владимир Беккер жас бастырға алғыс хат жолдады. Бекназарға батылдық көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Түркістан ауданының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов балаға бағалы сыйлық берді. Барлық құтқарушылар атынан Жүнісов Бекназардың мұғалімдері мен ата-анасына алғысын білдірді.

 

Талқылау