Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Turkiss” тобы кезекті бейнебаяндарын тағы да жігіттерге арнады (видео)

“Turkiss” тобы “Шақыр мені” атты әнге түсірілген кезекті бейнебаяндарын ұсынды.

13277772_1108766575862046_374664439_n

Фото: instagram.com/turkiss_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Орда” тобының әншісі Дастан Оразбеков өзінің продюсерлік орталығын ашып, қыздардан құралған “Turkiss” тобын таныстырған болатын. Аталған топта Далида, Әнелі және Жанар есімді үш бойжеткен өнер көрсетеді. Олар бүгін тыңдармандарын “Шақыр мені” атты әнге түсірілген бейнебаяндарымен қуантты.

Қыздар осы уақытқа дейін жігіттерге арнап “Мамасының баласы” атты ән жаздырған болатын. Дастан Оразбеков қыздарды жұртқа таныстырмас бұрын 10 ай бойы жұмыс жасаған екен. Продюсердің айтуынша, олардың әндері ешбір топқа ұқсамайды. Мұнымен қатар, топ Әзірбайжанда өнер көрсетеді.


Жіберіп алмаңыз:

Ayumi «бомба» болады деп уәде еткен бейнебаяндарын жарыққа шығарды (фото, видео)

Татарстандық әнші мүфтияттың өтінішімен атышулы бейнебаянын өшірді

Болманов: Қазақ эстрадасындағы алғашқы бейнебаянға екі бөлмелі пәтердің ақшасын жұмсадым

Молданазар «Тараз» кинофильмінің саундтрегіне түсірілген бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

Талқылау