Туризмге қыруар қаржының бөлінуі сенаторлардың ашуын туғызды

Бейсенбі, 19 Қазан , 2017 22:09

Адам өмірін құтқаруға табылмаған теңгені туризмге  жұмсамақ. Бүгін сенатор Бірғаным Әйтімова мемлекеттің миллардтарын бөлгізіп, тағы бір ұлттық компания – «Қазақ туризмді» құрған Үкіметті сынады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Қазақ үні

“Ұлттық экономика министрілігінің саясатын түсінбедім. Тұрғындардың денсаулығына, адам өміріне  қатысты мәселе көтерсек –  ақша жоқ  дейсіздер. Ал туризмге қаржы қайдан табылды? Әлде ұлттық компаниялардың  басшысынан қарапайым  қызметкерлеріне дейін асырау – мемлекеттің міндеті ме? Туризм – бизнес орта. Оған бюджеттің ақшасын шашып, компания құруға болмайды”, – дейді Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.

Әйтімова акционерлік қоғам болып құрылған ұлттық компаниялар өз күнін өздері көрсін деп отыр. Бұл да бизнес. Қазынаға алақан жаятын жөні жоқ.

Бүгін Үкімет алдағы үш жылдың бюджетін Сенатқа таныстырған. Депутаттар жаңадан құрылған «Қазақ туризм» ұлттық компаниясына бөлінген қыруар қаржыны көріп, шалқаларынан түсті. Жалпы туризмге келесі жылғы  бюджеттен 1 миллиардтан астам теңге қаралған. Оның 635 миллионы «Қазақ туризм» компаниясына беріледі. Депутаттар әлеуметтік, денсаулық сақтау саласына ақша сұраса, шенеуніктер «қаржы жоқ» деп жолатпайды екен. Алайда, атқамінерлер алған бетінен қайтар емес. Айтуларынша, туризмге салған қаржы еселеп қайтады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары қандай келісімге келді (видео)

Осындай жауап бола ма?: Нығматулин қаржы министріне шүйлікті

Тәңірберген Бердоңғаров қазақ-қырғыз шегарасындағы жағдайды айтып берді

Мәжіліс төрағасы министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар