Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туристтің қонақ үйде түсірген суретінен балалы елес көрініп қалған (фото)

«Стэнли» (Stanley), қонақ үйіне түнеп шыққаннан  кейін Стивен Кинг «Сияние» романын жазған еді. Тура осы қонақ үйге қонған саяхатшы кейіннен қарап отырып сол жерде түсірген суретінен ескі киім киіп алып, бала ерткен елестің бейнесі барын анық байқаған. Осы сурет желіге жүктелгеннен кейін көпшілік мұны үлкен талқыға салған, – деп хабарлайды CNN.

үй

Балалар мұражайының қоғаммен байланыс және жарнама бойынша директоры  Хьюстон Генри  осы қонақ үйге бір түнеп кетуді бұрыннан армандаған көрінеді. Стивен Кинг  өз романын жазған кезде яғни 1974 жылы қыркүйекте осы қонақ үйдің түні өзіне ерекше әсер қалдырғаны жайлы айтқан. Ол өз сөзінде  әйелі екеуі қысқы демалысқа орай жабылғалы тұрған қонақ үйдің, жалғыз қонағы болғаны жайлы айтқан.

«Дәліздің  қараңғы әрі кеңдігі, елестер тарихы туралы жазуға қолайлы жағдай», – деп жазған Кинг.

Мен қонақ үйде адамдардың азаюын, баспалдақтан жақсы кадр шығару мақсатында  ешкімнің болмағанын күттім.

«Суретті түсірген кезде ештеңе байқаған жоқпын», – деп жазған саяхатшы.

Сурет авторы оны желіге жүктеген сәттен бастап, жұрт мұны үлкен талқыға салған. Олар елестің рас, өтірігін анықтай алмай әлек болуда.

Бұл қонақ үй 1909 жылы ашылған. Біраз уақыттан бері осында елес бар деген әңгімеге қалған. Ондағы қызметкерлер арнайы  мамандар келіп, қонақ үйді зерттеп, тексеріп ешқандай да қорқыныш тудыратын дүненің жоқ екенін айтты деуден танбайды.

The Telegraph басылымы  өткен жылы саяхатшылардың айтуы бойынша елес көрінетін қонақ үйлердің тізімін жасаған еді. Англиядағы  Oatlands Park Hotel қонақ үйіне түнегендер  «Сұр келіншектің» бейнесін  көретіндерін жиі айтқан. Америкалық Hollywood Roosevelt қонақ үйінің Мэрилин Монро қонған бөлмесінен ақ шашты әйелдің бейнесі көрінеді екен. Нью-Йорктегі Hotel Chelsea қонақ үйіне кезінде Энди Уорхол, Дженис Джоплин және Боб Дилан түнеген, жазушы Дилан Томас сонда қонған күні қайтыс болған. Көптеген саяхатшылар  қонақ үйден осы адамдардың елесін көргендері жайлы жиі айтқан екен.

Талқылау