Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туристер төрт метрлік жыланның бұғыны қалай жұтып алғанын тамашалады (видео)

Төрт метрлік жыланның бұғыны өлтіріп, біртіндеп жұтып алғанын Шри-Ланка туристері видеоға түсіріп алған. Бұл туралы мәлімет Daily Mail басылымында жарияланған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Видео қаңтар айының аяғында Шри-Ланканың оңтүстік жағалауындағы Бундала ұлттық саябағында түсірілген. Туристер ұзындығы 430 сантиметр болатын алып жыланның өлген бұғыны қалай жұтып жатқанын тамашалаған. Жыланға жануарды жеу үшін шамамен бір сағат уақыт кетті.

Саябақ қызметкері жыланның әрекетіне таң қалды. «Әдетте жыландар адамдардың қарап тұрғанын сезсе, қоректенуін бірден доғаратын», – дейді саябақ қызметкерлері. Жылан аш болғандықтан жануарды бірден жұтып алған сияқты. Қызметкердің айтуынша, осындай үлкен бұғымен тамақтанған жылан, енді  бірнеше ай бойы қорексіз жүре алады.

Бундаль ұлттық саябағының ауданы шамамен 25 мың гектарды құрайды. Оның аумағында бауырымен жорғалаушылардың 48 түрі, амфибиялардың 15 түрі, 197 құс түрі, сүтқоректілердің 32 түрі және көбелектің 52 түрі бар.

Айта кетейік, гольф ойыншылары қаңтар айында АҚШ-тың Флорида штатында ірі қолтырауын мен жылан арасындағы жекпе-жектің куәсі болған.

Жіберіп алмаңыз:

Зейнеткер өз үйін планетарийге айналдырып алған (фото) 

Екі азамат байлығын дәлелдеу үшін бір бума ақша өртеді (видео) 

Қыз қатты жылдамдықпен жүріп бара жатқан көліктен секіріп, аман қалды (видео) 

Актер өзін танымаған әуежай қызметкерінен есіне түсіруін талап етті 

 

Талқылау