Туристер түрме деп атайтын Солтүстік Кореядаға 6 жұлдызды қонақүйдің көрінісі (фото)
Пхеньян қаласындағы «Рянган» қонақүйін жергілікті тұрғындар бірінші класты ғимарат деп атайды. Бірнеше туристер ғаламторда Солтүстік Кореядағы жалғыз 6 жұлдызды қонақүйдің талапқа сай еместігін айтып, жағымсыз пікір жазысты.
Оларға қонақ үйдің қызмет көрсету сапасы да, жағдайы да ұнамаған екен, деп жазады Daily Mail.
Қонақүйде тұрақтаған туристің бірі ондағы төсектердің қаттылығын, айтып одан да еденде жатқан ыңғайлы екенін жазады.
Енді бірі: «Кеңес стиліндегі классикалық қонақүй. Жарығы нашар, тағамдары да жақсы емес», – деп жазған.
Эстониялық Дэвид Темплан «Рянган» қонақүйін ескі әрі суық ғимарат деп атайды.
«Электротоқтары сынып әрең тұр. Еденде жартылай үзілген сымдар жатыр», – дейді ол.
Қонақүйдің ғаламторда жеке сайты да жоқ екен.
Tripadvisor рейтингісі бойынша «Рянган» 2,5 балл жинаған, көпшілігі қонақүйді орташа және нашар деп белгілеген.
Каркастан тұрғызылған ғимараттың 1992 жылы басты демеушісі КСРО ыдыраған соң құрылысы тоқтап қалған. Ел экомикалық ашаршылықты бастан кешіп, 3,5 миллион адам көз жұмды. Осылайша мемлекет символына айналуы тиіс қонақүй мағынасыз ғимаратқа айналып, өзге елдердің мазағына қалды.
2008 жылы 16 жылдан соң ғимарат құрылысы қайта өңделді. 2011 жылы болат төселіп, сырты шыныдан құрылды. Оған 146 миллион доллар жұмсалған.
Ғимаратты египеттік Orascom тобы 400 миллион долларға келісім шартқа отырып жасаған.
Жіберіп алмаңыз:
Арбаға таңылған 19 жастағы австралиялық мүгедек ару модель болды (фото)
Америкадағы кедейлер қалай өмір сүреді? (фото)
14 баланың анасы стриптиз көрсетіп, порно фильмдерге түскеніне өкінеді (фото)
Әлемдегі ең қауіпті төбеттер ондығы (фото)