Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туристер құтқарған су жануары акула болып шыққан (видео)

Корнуолл деп аталатын британ графтығындағы Лизард мүйісінде 49 жастағы турист Никол Андрэ ұзындығы үш метр болатын жағалаудағы алып балықты екі адамның қалай құтқармақшы болып жатқанын байқаған.

акула

Сурет likt590.ru

Ол делфин таяз суға тап болды деп ойлап, көмек көрсетуге асығады. Ер адам жейдесін шешіп, онымен жануардың құйрығын орап, өзге туристермен бірге бірнеше рет талпынып оны суға жібереді.

Сол кезде барып құтқарушылар, мұның акула екенін байқаған.

“Мен ешқашан өмірімде акуланы жақыннан көрмеппін. Өмірімде оны ұстаймын, оған жақындаймын деп те ойламаппын. Бұл таңғажайып нәрсе болды”, – дейді Никол Андрэ. Жыртқыш су жануары туристерге еш зиян келтірмеген.

Талқылау