Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Турист фильм үшін дайындалған 12 метрлік ағаш аттан құлап, қайтыс болды 

Түркияның Чанакалле қаласында турист фильм үшін дайындалған 12 метрлік ағаш аттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы RusTurkey.com порталы хабарлады.

55 жастағы Местан Гюней қоршаудан өтіп, 12 метрлік ескерткіштің ең жоғары жағына көтерілген. Алайда, ол төмен түспек болған кезде құлап кетіп, бетонның үстіне басымен түскен.

Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмады, ер адам ауруханада көз жұмды. Трояндық ат ескерткіші бұл қалада Гомердің «Иллиада» поэмасы бойынша голливудтық «Троя» блокбастерінің түсірілімі үшін орнатылған. Ол дәл осы қалада тұр, себебі Трояны Чанакалладан шыққандар тұрғызған.

Оқи отырыңыз:

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

 

 

Талқылау