Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Турист балықты тамақтандырғаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Таиландтың құқық қорғау органдары ерекше қорғаудағы аумақта заң бұзды деген айыппен ресейлік туристі ұстады.

27a31b00bfd68304bffe4a55e185cf66

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Турист королдіктің оңтүстігінде орналасқан Рача-Яй аралындағы Андманд теңізінде жүзіп жүрген балықты тамақтандырған.

Туристі Таиландтың теңіз және жағалау департаменті қызметкерлері ұстап, Пкухеттегі полиция бөліміне жеткізген. Оған айып тағылып, босап шығу үшін 100 мың бат (2,8 мың доллар) қаражат талап етілген. Ол кепіл ақы төлегеннен кейін де сот шешімі шыққанша Таиланд аумағынан кетпеуі тиіс.

Соңғы уақытта Таиланд аумағында дәл осындай айыппен бірнеше Қытай азаматы да ұсталған болатын. Егер турист айтылған ақыны төлемесе, бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

29 жастағы келіншек ең жас батыр ана атанды

Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды

Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

Талқылау