Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрімнен көрініп тұрған шығар": Еспаева қазақ тілінен емтихан тапсырғанда қалай қиналғанын айтты

"Ақ жол" партиясы атынан президенттікке кандидатурасын ұсынған Дәния Еспаева қазақ тілінен емтихан тапсырып шыққан соң көзіне жас алды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Дания

Лингвистикалық комиссия мүшесі Серік Қасқабасов кандидаттың таңдаған тақырыптарын айтып берді. 

"Еспаева бірінші тапсырмада "Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбын, екінші кезеңде Мұқағали Мақатаевтың "Аманат" кітабын таңдаса, үшінші тапсырмада "Қоғам және демократия" тақырыбында 15 минут сөз сөйлеуі тиіс болды. Ол емтиханға берілген  уақытты толық пайдаланды. Жазбаша жұмысында ол тақырыпты жақсы меңгерген, сауатты, терең талдау жасаған. Екінші тапсырмада Мұқағали Мақатаевтың екі өлеңін оқыды. Қазақ тілінің нормасына сай сөздерді анық айтып, ойды жеткізе білді. Үшінші тапсырмада "Қоғам және демократия" тақырыбында 15 минут сөйледі. Өзін саяси жағынан, қоғамның хал-ахуалы жағынан сауатты екенін көрсетті", - деді Қасқабасов. 

Лингвистикалық комиссия дауыс бере келе Дәния Еспаева мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келді. 

Емтихан тапсырып шыққан соң кандидат журналистерге сұхбат берді. 

"Қалай уайымдағанымды өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл мен үшін өте маңызды күн. Өмірімде үшінші емтиханымды тапсырып тұрмын. Бұл өте жауапты сәт, түрімнен көрініп тұрған шығар. Бәрі ашық өтті. Тақырыптарды таратып берді, барлығы үш тапсырма болды. Тапсырмалар өте қиын, бірақ қызықты", - деп Еспаева алған әсерін бөлісті.


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау