Тұрғындар суға түсіп жүрген 13 жасар баланы қолтырауынның аузынан жұлып алды

Малайзияда 13 жастағы бала өзенге түсіп жүрген кезінде қолтырауынға жем бола жаздады.

Тұрғындар суға түсіп жүрген 13 жасар баланы қолтырауынның аузынан жұлып алды

Бұл туралы The Star басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға мемлекеттің шығыс бөлігіндегі Сандакан қаласының маңындаға ауылдардың бірінде орын алған. Арсил Алькамал досымен бірге үйінің маңындағы өзенге түсуге барады. Осы кезде аяқ астынан қолтырауын шабуылдап, баланы суға тартып әкетпек болған.

Өз кезегінде баланың досы айқайлап, көмек сұраған. Артынша оқиға орнына ауыл тұрғындары келіп, Алькамалды қолтырауынның аузынан суырып алып, жағаға шығарды. Ал ұзындығы 2,7 метр болатын қолтырауын су астына жүзіп кеткен.

Тұрғындар зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізді. Оның денесінде көптеген жарақат болған. Дәрігерлер Алькамалдың кеудесіне 15, арқасына 4, жамбасына 5 және тізесіне 2 тігіс салды.

«Оның жарасы терең әрі ауыр. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақталды», – дейді жергілікті шериф Азхар Хамин.

Жергілікті тұрғындар өзенде қолтырауындар бар екенін білген. Алайда олар осы күнге дейін тұрғындарға шабуылдамапты.

Оқиға орнына аңшылар шақырылып, олар қауіпті қолтырауындарды ұстау үшін тұзақ орнатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар