Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар наразы: Түркістан облысында бұрын полигон қалдықтары төгілген жерге мектеп салынбақ

Түркістан облысының Елшібек ауылында 300 орындық жаңа мектеп салынады. Алайда бұған тұрғындар наразы болып отыр.

Тұрғындыр мектеп салынатын аумаққа бұрын полигон қалдықтары төгілгенін айтады. Ауылдың ақсақалдары бір кездері полигон қалдықтарын сол жерге әкеп көмгенін көзімен көрген. Оның зияны балаларға тиеді деп шошып отыр, деп хабарлайды 31 арна.

“Мен осы ауылда ұзақ жылдан бері тұрам. 1962 жылы совхоз құралды. Сол кездері мұнда полигон қалдықтары, силитра, химиялық заттар көмілген. Мұның баларарымызға қалай әсер ететінін білмеймін”, – дейді ақсақал Есмұрат Қосмұратов.

Тұрғындардың бірі мектеп аумағында арна барын, оның да балаларға қауіпті екенін айтты.

“Мұнда арна салынған. Көктемде арнасынан асып тасиды, балалар жүре алмайды, арнаға құлап кетуі де мүмкін”, – дейді тұрғындар.

Ал, ауыл әкімі Төркүл ауылдық округінің әкімі Өтеміс Мұхтархан алдын ала жердің тексерілгенін, қазір тағы бір тексеру жүріп жатқанын айтты.

Егер тұрғындардың айтқаны рас келіп, жердің жарамсыз екен анықталса, мектеп салуға басқа жер қарастырылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау