Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар 14 жасар қызды зорлаған азаматты бай туысқандары болғаны үшін ақтап шықты

Қырғызстандағы бір ауылдың тұрғындары қыз зорлаған азаматты ақтап шықты. Ал 14 жасар қыз ауылдан кетуге мәжбүр болды.

Бұл туралы sputnik.kg басылымы жазды.

Айдана Қырғызстан ауылдарының бірінде дүниеге келген. Ол 10 жасқа толған кезде ата-анасы шетелге ақша табу мақсатымен кеткен. Ал Айдананы туысқандарының қарауына қалдырған. Туыстарына қаржылай көмектесу үшін Айдана көршінің балаларын ақшаға қарайды. Мұнымен қатар, ауылдағы дүкендердің еденін жуып күн көреді. Оны барлығы танып, ерекше жақсы көрген екен.

Осылай жүрген кезде төрт жыл өтеді. Бір күні Айданаға көршісі тиісе бастайды. Қыз бетін қайтарған соң, ер адам оны аяусыз зорлап тастайды. Біреуге айтқан жағдайды, ұрып-соғатынын айтып қорқытады. Абыройынан айырылған 14 жастағы қыз әпкесіне жылап келеді. Әжесі Айдананы милицияға алып барады. Оқиғаны естіген полиция қызметкері қатты таңқалған.

“Ол кісі бұлай жасауы мүмкін емес. Сіздер жала жауып тұрсыздар. Оның әйелі мен екі баласы бар. Бәлкім бұл мәселені өзара шешіп көресіздер?” – деп қыздың арызын қабылдамай қояды.

Қыздың әпкесі көптеген дәлелдер келтіргеннен кейін ғана полиция арызды алуға келіседі. Ал ары қарай орын алған жағдай ақылға сыймайды. Зорлаушының туысқандары қоғамда беделді адамдар екен. Сол себепті, қоғам қыз зорлаған азаматты ақтап шығады. Адамдар оның керемет жан екенін айтып, ақтау туралы петицияға қол қойған. Тіпті, бар кінәні қызға артып, ер адамның зорлауына Айдананы айыптайды.

Қыздың амалы қалмайды. Араға екі апта салып оны ата-анасы алып кетеді. Дәл қазір ауыл бұрынғы қалыпты өмірін жалғастырып жатыр. Бұл жерде адамгершілікке орын болмағанын өздеріңіз де көріп тұрған шығарсыздар. Қоғам қыз зорлаған адамды кінәлі екеніне қарамастан ақтап шықты. Олар үшін әділеттіліктен бай-бағландардың сөзі артық болды.


Жіберіп алмаңыз:

Астанада ауырып жатқан баланы емдеуге келген дәрігер аяғынан тұра алмаған (видео)

Энергетика министрі: Мұнайшылардың тәбетін басып, бензинді арзандату керек

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім “батыр” образында сабақ беріп жүр

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Талқылау