Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 200 мыңнан астам салымшылары өтемақысыз қалуы мүмкін

Бүгінгі күн өтемақы берілуі тиіс салымдардың 110 мыңға жуық салымшылары Банкпен қосымша келісім шартқа қол қойған. Бұл өтемақы берілуі тиіс депозиттердің тек 20%-ы ғана. Мұндай қарқын салдарынан 200 мыңға жуық салымшылар Банкпен белгіленген мерзім ішінде қосымша келісім шартқа қол қойып үлгермеуі мүмкін.

ccc0f5382a77c06eceac118e0d8

Естеріңізге сала кетсек, қосымша келісім шартқа қол қою рәсімі 2016 жылдың 8 ақпанында басталған. Рәсімге бөлінген 114 күнтізбелік күнді есепке алғанда, орташа есеппен күніне 4096 қосымша келісім шартқа қол қойылуы тиіс. Алайда қазіргі уақытта бір күн ішінде қабылданған сұранымдардың орташа мөлшері екі жарым мыңнан аспайды.
««Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» қосымша келісім шартқа қол қою мерзімі 2016 жылдың 1 маусымында аяқталатындықтан, қосымша келісім шартқа қол қою қарқыны болжамды жоспардың тек жартысын ғана құрап отыр», – деп хабарлайды ҚТҚЖБ баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында өтемақы берілуі тиіс 31 433 депозиттердің 5970-і қосымша келісім шартқа қол қойса, Ақтөбе облысында 32 490 депозиттердің 7843-і, Атырау облысында 17 479 депозиттердің 3070-і, Алматы қаласында 56 295 депозиттердің 13 188-і, Астана қаласында 62 049 депозиттердің 18 160-ы қол қойған.

Депозит сомаларын бөліп қарайтын болсақ, жинақ сомасы 1 миллион теңгеден төмен 352 861 салымдар мен жинақ сомасы 1 миллион теңгеден жоғары 26 515 салымдар қосымша келісім шартқа қол қоймаған. Тап осы уақытта өтемақыға бөлінген соманың 21 миллиард теңгеден аса сомасы талап етілмеген болып отыр.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» әуелден бері 467 мың ТҚЖ шарты иелеріне өтемақы төлейтіндерін хабарлаған, оның ішінде жинақ сомасы 1 милион теңгеден жоғары салымдар иелері де бар. Өтемақы берілуі тиіс салымдардың жалпы сомасы бүгінгі күн 153,1 миллиард теңгені құрайды.

Осыған байланысты, салымшыларға белгіленген мерзімде Банкпен қосымша келісім шартқа қол қою қажет. Рәсім онлайн режимінде www.egov.kz порталында электрондық-сандық қолтаңба арқылы немесе www.hcsbk.kz Банктің ресми сайтында орындалуы тиіс.

Талқылау