Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төрағасы клиенттердің тосын сауалдарына жауап берді

Жұма, 21 Қазан , 2016 10:24

Қатаң, уытты және жұмыр сауалдар. Оларға жауап керек. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов өңірдегі клиенттермен кездесу форматын өзі таңдады. Кездесу галстуксіз және бейресми жағдайда өтті.

DSC_4271

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шымкент пен Қызылордада кездесу 1 сағаттан аса, Ақтөбеде 2 сағатқа созылды. Кәдімгі коммерциялық банктердің басшылары мұндай жағдайда қалай сөйлетінін елестетіп көрудің өзі қиын.

Алғашқы сауалдың өзі тосын шықты: «Елімізде жалақысы еш жерде тіркелмей, құжатталмай, көлденең табыс табатын азаматтар көп. Олар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит аша ала ма?». Артынша-ақ: «Егер бұл «заңсыз пайда табушы» тұрғын үй сатып алуға қажетті соманың 50 пайызын жинақтаса, ол кредит ала ала ма? Оның төлем қабілеттілігіне ресми растау жоқ емес пе?»

– Үш жыл бойы ыждаһатпен қаражат жинақтаған адам бізге төлем қабілеттілігін растаған болып есептеледі. Онда банк төлем қабілеттілігін растауға қосымша құжаттарды одан талап етпейтін болады. Үш жыл ішінде ол адам жинақтау мәдениетін меңгеріп, өзінің жауапкершілігін түсінеді. Өмірде әр қилы жағдай болып жатады. Сондықтан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ең алдымен заемшы санатына өткенге дейін клиенттің өзін тәрбиелейді.

– Мен сіздердің салымшыларыңызбын. Жас отбасыға кредит беру мәселесін қайта қарауға бола ма?

– Сіз ерекше талап туралы сұрап отырсыз ба? Біз заемшыларды жас отбасы, егде отбасы деп бөліп-жармаймыз. Дегенмен мемлекеттік бағдарлама аясында «жас отбасыға арналған тұрғын үй» атты бағыт бар. Жас отбасылар жинақтау кезінде жалға берілетін пәтерде тұра алады. Олар сегіз жыл ішінде тұрғын үй құнының жартысын жинақтауы тиіс. Банк олардың жарналарды тұрақты түрде салып отырғанын қадағалайды.

– Мен зейнеткермін әрі сіздердің салымшыларыңызбын. Бізге, еңбек ардагерлеріне қандай да бір жеңілдік қарастыруға бола ма?

– Біздің зейнет жасындағы салымшыларымыз аз емес. Оларға біз баса назар аударамыз. Олар балалары мен немерелері үшін депозитке қаражат жинайды. Төлем қабілеттілігін тексеру рәсімдеріне сәйкес, олар кредитті өз атына рәсімдей алмайды. Алайда депозитін жақындарының атына аударып, пәтер алуға құқылы. Яғни, біздің Банктің қызметін кез-келген жастағы адам пайдалана алады.

DSC_4120

– Менде Кредитке өтініш беруге қатысты бір сауал бар. Құжат тапсырсам, одан қате табады. Онысын түзетіп апарсам, басқа қате табады. Сіз өтініш жасауға 10 күн ғана кетеді дейсіз. Егер қатесі болса, он күннен кейін өтініштің күші жойылады. Бұл әділеттілік пе?

– Өздеріңізге мәлім, биылғы жылдың басында біз банктік ақпараттық жүйені өзгерттік. Постдепозиттік операциялар, соның ішінде кредиттік өтінімді қарастыру кешеуілдеп орындалатын. Біз мұны мойындай отырып, осы қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қазір бұл жүйеге келтіріліп, өтінішті қарастыру мерзімін еселеп қысқартуға мүмкіндік туып отыр. Біз бұған ұдайы мониторинг жүргізіп, барлық кредиттік өтініштердің мәртебесін көре аламыз. Алайда біздің қатесі бар құжаттарды қабылдай алмайтынымыз өздеріңізге белгілі жайт. Сондықтан клиент үшін ең жақсысы, мәміле жасау кезінде құжаттардың қатесіз болғаны. Осыған қатысты банктің қатаң бақылау жасауы болашақта заемшыны көп қиындықтан сақтап қалады.

– Кредит рәсімдеу кезінде мен бір қиындыққа тап келдім. Іс тіпті сот қарауына дейін жетті. Мен түрлі комиссиялардың ұсталынатын соңғы сәтте ғана білдім. Оған дейін мен ол жайында естіген де емеспін. Меніңше, адамдардың көбі осы комиссиялар туралы ештеңе де білмейді. Олар қаншалықты заңды?

– Комиссия барлық банктерде, соның ішінде бізде де бар. Бұл – кредиттерді және қарыздарды қайта есептеу. Банкпен арадағы барлық есептесулердің қолма-қолсыз жасалғанын қалаймын.

– Бәрін дер кезінде төлеп отырсам да, мен неге комиссия төлеуге мәжбүрмін?

– Сіз келген ЕДБ-де комиссия төлер едіңіз. Банктік картаңызға қызмет көрсеткені үшін ақы төлейсіз ғой. Бізде де солай. Өз басым барлық жерде және бәріне қолма-қолсыз есептесу болғанын қалаймын. Жемқорлық элементін барынша болдырмау үшін онлайн-режимге толық өту керек деп білемін. Сонымен қатар барлық комиссиялардың жойылуы тиіс. Комиссия бағасы – операциялардың өзіндік құны. Оларды адамдар жасайды. Әрине, қолма-қолсыз есептесуге көшкенде, комиссияның дені өздігінен жойылады.

– Кредиттің заемшыласын ауыстыруға бола ма? Оны қалай жасау керек?

– Ойын барысында ережені өзгертуге болмайды. Банктің де, клиенттердің де жауапкершілігі болуы тиіс. Біз сіздерге белгілі бір нәрселерге кепілдік береміз. Екінші тараптан да соны күтеміз. Біз әр клиент үшін жеке-жеке ереже ойлап таба алмаймыз. Барлық адамға бірдей талап қойылады.

– Егер тағы девальвация болса, сіздер қайта өтемақы төлейсіздер ме?

– Өздеріңізге белгілі, біз өтемақының бірінші бөлігін төледік, ал екінші бөлігін келесі жылы төлейміз. Бағам айырмашылығын өтеу туралы шешімді Елбасының өзі қабылдады. Сондықтан, тағы девальвация болған жағдайда өтемақы төлеу мәселесін шешетін – мен емес, мемлекет пен үкімет.

DSC_4175

Сондай-ақ мемлекеттік деңгейде дедолларизация саясаты жүріп жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Банк құрылғалы бері тек қана ұлттық валютада жұмыс істеп келеді. Біздің депозиттеріміз де, кредиттеріміз де теңгеде. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үй құны теңгемен бекітілген. Осылайша, бізге валюта тербелісінің әсері жоқ. Біздің міндетіміз – банк өткізетін шаршы метрлер бағасын әрқашан тұрақты және қолжетімді ету.

– Иә, баға туралы сұрауға бола ма? Сіздер оған қалай әсер етесіздер? Жаңа үйлердегі шаршы метрлердің бағасы өте қымбат емес пе?

– Қазір Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынып жатыр. Ол жерде де біз – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Ипотекалық компания бар. Кредиттік тұрғын үйлерді қаржыландырудың түрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. Оған біздің банктің салымшылары да қатысуы мүмкін. Бұған баса назар аударылып отыр. Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын салуға 4,5 миллиард теңге бөлінді. 540 пәтердің 270-інде біздің клиенттеріміз тұрып жатыр. Жыл соңына дейін 1 280 пәтер сатылады. Жайлылықтың 4-сыныбы – 1 метріне 100 мың теңге, 3-сыныбы – 110 мың. Сыныбы жоғарылаған сайын, бағасы да жоғарылай береді. Тағы бір назар аударатын жайт, Ақтөбедегі баға республикадағы орташа бағадан біршама төмен. Мінекей, сандарға жүгінсек: орташа алғанда 1 метріне 160-170 мың теңге. Бұл жерде облыс әкімдігіне алғыс айту қажет.

– Мемлекет шетелдіктерге ҚТҚЖБ үлесін сатқалы отыр деп естиміз. Қазақстан азаматтары үшін мұның қандай жағымсыз салдары болуы мүмкін?

– Біздің банк шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Бірақ үкімет банкті басы бүтін сатуды көздеп отырған жоқ. Оның үстіне, біздің өзімізде жаңа технологиялар әкелетін, жұмыстың жаңа қағидаларын енгізетін стратегиялық әріптес табуға мүдделіміз. Сіздер үшін жағымсыз дүниелер болмайды. Азаматтардың жинағының сақталуына кепілдік беретін тұрғын үй құрылыс жинақ туралы заң бар. Біз әлеуметке бағытталған банк болып қала береміз.

Түйін орнына

Кездесу екі сағатқа созылды. Қойылған сұрақтардың барлығы осал болмады. Кездесу өткен соң Айбатыр Жұмағұловтан бұдан қандай ой түйгенін сұраудың сәті түсті.

– Бұл өте пайдалы кездесу болды. Салымшыларымыздың көп жайттан хабардар екені көрініп тұр. Әрине, өзіңді сынау, сын-ескертпелер есту, кемшіліктеріңді баса көрсету қашанда оңай нәрсе емес. Бірақ оның да жағымды тұсы бар: қандай әрекет жасау қажет, нені өзгерту керек екенін түсінесің.

– Мәселен?

– Банктегі кейбір операциялар үшін комиссияларды алайық. Мен оларды алып тастау керек екенін түсінгеніме біраз уақыт болды. Алайда, айқын тетіктері әзірге жоқ. Бірақ қандай бағытта әрекет ету керек екені анық. Өкінішке орай, алаяқтыққа қатысты да мәселе бар.

DSC_4110

– Банкте ме?

– Оның төңірегінде! Кейбір адамдар әлі күнге дейін пара беріп кредит алуға болады деп сенеді.

– Мұндай жайттар кездесті ме?

– Банкті біреулер төңіректеп, клиенттерге өз қызметін ұсынады. Олардан ақша алып, «мен арқылы» мәселесін шешіп беруге уәде береді! Әрине, алдап соғады. Өзімнің қауіпсіздік қызметімді қалай құру керек екенін де ойлану қажет… түзетуді талап ететін процедуралық дүниелер де бар. Кеңесшілердің клиенттермен жасайтын жұмысында, жарнамалық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда бірқатар мәселе бар. Салымшылармен кездесу өткізу ой қорытуға азық болмақ. Біз мұндай кездесулерді жиі әрі тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сайтымызда жарияланатын, келіп түскен сұрақтарға берілген жауаптардан және менеджерлеріміздің кеңестерінен көбірек пайда әкелуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда баспана құны әлі де арзандайтын болады

Бір әулетте бірнеше есепшот

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалуын қадағаламақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 16 күні кері

Быз ауылда мугалымбыз.Бес кызымыз бар.кышысы екы аилык.
Депозит ашканымызга екы жыл болды.Кыздар ушын аи саиын акша куямыз. Онаи емес арине.Кудаи каласа улкенымыз оныншы сыныпта окиды.патер алсак болар еды.сол кунды асыга кетеміз

Анонимно
1 ай 16 күні кері

Ассалаумағалейкүм! Сіздерден сұрайын дегенім үкімет сіздерге 80% пайызын төлеген екен компенсацияның неге xалыққа 30% пайызын төлеп жатырсыздар?

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар