Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит ашу үшін жарнаны алып тастады

Ерболат Досаевтың төрағалық етуімен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті. Бұл туралы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

12-e1454910675836

Директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді. Бұл өзгертулер 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын аталмыш қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі – шарттық соманың және депозиттің арттыру сомасының 0,55%-ын құраған еді.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесі Банктің 2016 жылға арналған қаржы есептілігін алдын-ала бекітті, және отырыс барысында 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банк Басқармасы қызметінің есебі, 2016 жылға арналған 2014-2023 жылдардағы Банктің ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру бойынша 2014-2016 жж. арналған шаралар жоспарын орындау туралы есептері бекітілді.

Сонымен бірге, банктің ұйымдастыру құрылымы мен кадрлық өзгертулерге қатысты мәселелер де қарастырылды.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ –ның еншілес компаниясы болып табылады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін тағы да төмендетеді

Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады

Forbes нұсқасы бойынша бес қазақстандық миллиарлерлер қатарында қалды

Сәуірден бастап кез келген кәсіпті ашуға несие беретін жаңа бағдарлама жарияланады

Талқылау