Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығы қостанайлық салымшылардың өткір сұрақтарына жауап берді

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова салымшылармен тікелей кездесіп, банктің клиенттермен еш делдалсыз ашық байланысын қалайтынын мәлімдеді.

омарова241

Әңгіме барысында салымшылар банк туралы жағымсыз ақпарат таратқан бейнероликтің пайда болуына алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде банк тарапынан Айжан Медеуова ондағы ақпаратты жоққа шығарып, келісім-шарты сөз болған клиенттің банкте ақша жинақтамағанын айтты.

Қазіргі уақытта Қостанай облысында салымшылардың саны 34 мыңнан асқан. Облыс тұрғындары өздерінің 14 млрд. теңгесін банкке сеніп тапсырып отыр. Кездесу барысында бұдан былай Қостанай облысында ағаштан салынған үйлерді де кепілдікке қою мүмкіндігі айтылды.

SERG_325

Тағы бір жақсы жаңалық «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша құнының 30 %-ы төленген салымшы да үйдің кілтін уақытынан бұрын ала алады.

Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша облысқа 3,5 миллиард теңге бөлінген. Осы қаражатқа жалпы ауданы 29 мың шаршы метрді құрайтын 528 пәтер тұрғызу жоспарлануда. Тұрғын үйлер шаршы метрі 140 мың теңгеден аспайтын бағамен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының және жергілікті әкімдікте кезекте тұрғандар арасында жүзеге асырылады. Тұрғын үй кешендерін 2017 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарлануда. Сонымен бірге, салымшылар «Әуежай» және «Солтүстік-Батыс» шағын аудандарындағы 6 тұрғын үй кешеніне дауыс бере бастады. Ол бойынша, құны 148 700-157 300 теңгені құрайтын 780 пәтер тапсыру жоспарлануда.

вкладчик2411

Банк салымшысы Әсемгүл Омарова «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айжан Медеуоваға өзін қызықтыратын бірнеше сауалдарды жолдады:

– Пәтерлердің бағасы оның қай қабатта орналасқанына байланысты болады ма?

– Жоқ, пәтерлердің қай қабатта орналасқанына қарамастан олардың бағалары бірдей.

– Егер әке-шешемнің үйінде менің де үлесім болса, осы банк арқылы пәтер алу мүмкіндігі бар ма?

– Әрине, сіздің атыңызда жылжымайтын мүлік болмаса толық мүмкіндігіңіз бар.

Осы орайда, салымшылар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өңірдегі филиалындағы менеджерлердің жұмысы жоғары дәрежеде екенін айтып, сапалы қызметі үшін алғыстарын білдірді. Жалпы, бүгінгі күні Банкте 370 млрд. теңгесін сақтап отырған 750 мыңнан астам салымшы бар.

Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облысында 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 68 мың шаршы метрді құрайтын 1046 пәтері бар 13 тұрғын үй тапсырылған болатын.

«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 13 үй қолданысқа берілді, ол бойынша 352 жас отбасыға пәтер кілті табысталды.

Талқылау