Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ көмегімен нарықтық бағадан арзан үй алуға болады

“Бәйтерек” холдингінің еншілес құрылымдары – «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ (әрі қарай – ТҚКҚ) мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің арасындағы өзара іс-қимылдардың арқасында ипотеканы құрылыс жүріп жатқан сатыда рәсімдеуге болады. Бұл дегеніміз – сатып алушы пәтерді құрылыс аяқталғаннан кейінгі бағамен салыстырғанда, 30% арзанға ала алады.

Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының көмегімен нарықтық бағадан арзан үй алуға болады

Қазір ТҚКҚ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен және мүдделі құрылыс компанияларымен бірлесе отырып мына кестемен жұмыс істей бастады: құрылыс компаниясы ТҚКҚ-дан кепілдік алып, банкпен келісімшарт жасайды, банк өз кезегінде салымшыларына қосымша кепілсіз құрылыс жүріп жатқан уақытта арзан бағада пәтер алып алуға мүмкіндік береді.

“Бәйтерек” холдингінің ішкі ымырасының арқасында бұрын нарықта баламасы болмаған теңдессіз жобаны жүзеге асырдық. Бірлескен жобаның шын пайдасын ТҚЖБ салымшысы болып отырған қарапайым азаматтарымыз сезеді. Біріншіден, бұл – үйдің арзан бағасы, екіншіден – баспананың тиісті сапада уақытында салынып бітетіне мемлекет кепіл береді. Халық жобаның тиімділігіне көз жеткізе бастады және қазірдің өзінде біздің серіктес құрылыс компаниялары салынып жатқан баспананың жартысынан астамы осы тетік арқылы жүзеге асырылып жатырр”, – дейді ТҚКҚ басқарма төрағасы Данияр Жұмашов.

Баса айта кетірлігі, бұл жобада азаматтар үшін пәтер сатып алуда ешқандай шектеу қойылмайды. Мемлекеттік бағдарламалардан қарағанда, баспана жоқтығы және үнемі тіркеуде тұруы міндетті емес.

Қазіргі таңда ТҚКҚ тұрғын жайларды аяқтау үшін 17 кепілдік беріп үлгерді. Нысандар Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында орналасқан. Кепілдік 4 мыңнан астам пәтерді тапсыру үшін беріліп отырған. Жобалардың жалпы құны 57 млрд теңгеден асады. Олардың арасында қазір екі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау