«Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының» басшысы қауіпте тұрған үлескерлер жайлы айтты

«Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының» АҚ басқарма төрағасы Данияр Жұмашев жылжымайтын мүлік сарапшысы Нина Лукьяненконың сынына жауап берді.

Жұмашевтің айтуынша, қазіргі уақытта түрғын үй құрылысы кезінде сатып алушы мен сатушының арасында бір ғана құжат болады. Бұл «Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік» туралы Заң.

«Құрылыс компаниясы үлескердің ақшасын үш жағдайда алады. Бірінші, егер объект «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорынан» кепіл алған болса; екіншіден, егер құрылыс жобасына екінші дәрежелі банктер қатысатын болса; үшіншіден, ғимарат каркастан салынып, әкімдіктен рұқсат алынған болса. Барлық үш жағдайда келісім шарт жасалып, әкімдікте тіркеледі», – дейді Жұмаешев.

Баска кез келген келісім шарт заңсыз саналады. Бұндай жағдайда сатып алушының өзі зардап шегеді. Оған ешкім ақшасын қайтаруға және компания банкротқа ұшыраған жағдайда құрылысты аяқтауға кепілдік бермейді.

«Қазір нарықта 5-7 мың құрылыс компаниясы бар. Жайдан жай мемлекеттік кепілді бере салмайыз. Құрылыс жобасын іріктетін критерийлер бар. Оларды Қордың сайтынан көруге болады.

Тек қаржылық әрі тәжіибелі компаниялар ғана қордан кепіл ала алады. Олар берілген Заң талаптарына сай келуі тиіс. Аталған үш жағдайда ғана компания құрылысты аяқтауға 100 пайыз кепілдік береді.

Былтырғы жылдан бері 27,1 млрд сомаға үлескерлік құрылысқа кепілдік берілді. 2018 жылдың 4 айында кепілдік көлемі 17 пайызға өсті. Қазір 62 млрд теңге болатын жобамен келісіп жатырмыз», – дейді Данияр Жұмашев.

Айта кетейік, риэлторлардың бірлескен ассоцияциясының вице-президенті Нина Лукьяненко Фейсбук желісіндегі парақшасында сын айтып, үлескерлік құрылыс нарығына қатысты қауіптер мен «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік» туралы заңның әлсіз тұстарын жазған еді.

««Тұрғын үй құрылысына үлескерлік» туралы заңның жоқ екенін мойындап қана қоймай, нақты шаралар қабылдауымыз керек. Түзетулер енгізіп, жаңа механизм жасауымыз керек. Жаңа түзетулер енгізілгенге дейін де сарапшылар заңның шикі екенін айтқан. Өйткені, үлескерлер жағында болуы тиіс заң шындығына оларға керек кезінде көмектесе алмайды. Себебі, заң үлескерлердің ақшасын тарту үшін тек үш жағдайды ғана қарастырған. Ол: екінші дәрежелі банк арқылы, «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» мен жергілікті әкімдіктен рұқсат алу арқылы. Осының өзінде алаяқтық әдістерге тыйым салынбайды, – деп жазды Нина Лукьяненко.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар