Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Қостанайлық салымшылары қоныс тойын тойлауда

Облыс тұрғындары Герцен көшесінің бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлерге ие болды.

SERG_539

Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Нысана өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы бойынша тұрғызылып, 108 пәтерге есептелген. Салымшыларды қоныс тойымен «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев пен ҚТҚЖБ басшысы Айбатыр Жұмағұлов құттықтады.

«Жаңа пәтерге ие болғанымызға әлі де сене алар емеспін. Армандар орындалады! Бәрі мұншалықты тез болады деп ойламадық та», – деген салымшылар қуанышымен бөлісті. Олардың арасында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бас маманы Марина Левченко да бар болып шықты.

«Бағдарлама өте жақсы ойластырылған. Бастысы, нәтижелі жұмыс жасайды. Біз үш жыл бұрын ҚТҚЖБ салымшыларының қатарына қосылдық. Ал бүгін жаңа пәтерімнің кілтін ұстап тұрмын», – дейді Марина Левченко.

Енді бұл көпқабатты тұрғын үйде дәрігерлер, экономистер, кәсіпкерлер, көлік жүргізушілер мен мұғалімдер Маринамен көршілес тұрады.

SERG_375 1

«108 пәтердің барлығы да ҚТҚЖБ желісі бойынша «Барлық санаттағы тұрғындар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғызылған. Мұнда мемлекеттік қызметкерлер, жұмысшылар мен қаржы саласының қызметкерлері де бар. Тұрғын үй кешенінде аумағы 48 шаршы метрден 53 шаршы метрге дейінгі  бір бөлмелі 27 пәтер, 54 екі бөлмелі және 27 үш бөлмелі пәтерлер салынған. Пәтерлер таза өңделген күйінде тапсырылады. Ең бастысы, пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 88 897 теңгені құрайды», – дейді «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қостанай облыстық бөлімінің директоры Ботагөз Қамарова.

Үстіміздегі жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша тағы 528 пәтер құрылысы жоспарлануда. Алайда 2016 жылы қоныс тойын тойлайтындар қатары тек Банк салымшыларымен шектелмейді.

«Биылғы жылы Қостанай облысында мемлекеттік институттармен ынтымақтастық желісі бойынша көптеген тұрғын үй салынбақ. Жалпы аумағы 49 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй – аса маңызды бағыт. Сондықтан алдымызға қойған жоспарды жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті Қуандық Бишімбаев.

SERG_363 1

Өз кезегінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Бәйтерек» ұлттық холдингі тарапынан үлкен инвестиция күтілетінін айтты. Тұрғын үйлердің басым бөлігі ҚТҚЖБ салымшылары мен кезектегілерге беріледі деп жоспарлануда.

«Былтыр небары 126 пәтер тапсырсақ, 2016 жылы бұл көрсеткішті 5-6 есеге ұлғайтпақпыз. Биылғы жылы  бағалы қағаздарды орналастыру есебінен 528 пәтер тұрғызылады. Байқау жарияланатын болады. Сол арқылы кезекті қысқартуымыз керек», – дейді Мұхамбетов.

Мұндай көрсеткіш арқылы жыл сайын кезекте тұрғандар санын мыңнан астам орынға азайту көзделіп отыр. Қазіргі уақытта облыстық орталықта тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар саны 12 мыңнан асады.


Жіберіп алмаңыз:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» келісім шартқа отырудың аяқталуына 43 күн қалды

ҚТҚЖБ шотындағы әрбір тиын маңызды рөл атқаруы мүмкін

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 200 мыңнан астам салымшылары өтемақысыз қалуы мүмкін

Алдағы 10 жылда “Тұрғын үй жинақ банкі” 4,5 млн шаршы метрлік үй тұрғызбақ

 

Талқылау