Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Ақтөбедегі салымшылармен кездесті

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 10:25

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Ақтөбеде салымшылар көкейде жүрген сауалдармен танысты.

Stan1

Салымшыларды алдымен тұрғын үй алудағы жаңалықтар, баспана алудағы қиыншылықтар мен жеңілдіктер қызықтырды. Шамамен екі сағатқа созылған жиында сауалдар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайтын, сан қилы болды.

Алғашында басқарма төрағасы шараның мақсаты туралы қысқаша айтып өтті.

«Қандай мәселе болса да, оларды шешу жолдарын қарастырайық. Ұсыныстарыңыз бен ойларыңыз болса, ортаға салыңыздар. Біздің де мақсатымыз, банк жұмысын жақсарта түсу», – деді Айбатыр Жұмағұлов.

Stan2

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 50 мыңнан астам салымшысы бар екен. Мемлекеттің әлеуметтік тұрғын үймен қамту бойынша ауқымды жұмыстары Ақтөбе облысында жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді.

Кездесуге басқарма төрағасынан өзге банк жанынан құрылған қоғамдық кеңес төрағасы, белгілі тележурналист Сергей Пономарев та қатысты.

«Қоғамдық кеңестің сегіз мүшесі бар. Олар танымал адамдар. Әрі олар банктің директорлар кеңесіне бағынбайды. Біздің қоғамдық кеңестің мақсаты – салымшылардың мүдделерін қорғау. Журналист ретінде де менің байқағаным, бүгінде баспана алудың ең оңай жолы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы үйлі болу. Мені банкті мақтады деп сөкпеңіздер. Осыған дейін бірнеше қалада болдым. Ондағы кемшіліктерді ашық айтып келеміз. Алайда, Ақтөбе қаласында құрылыс алаңдарын аралап, ондағы құрылыс жұмыстарының сапасын өз көзіммен көрдім. Сондықтан, қарапайым адам ретінде, журналист ретінде, Кеңес төрағасы ретінде де, қоятын бағам тек бестік», – дейді Сергей Пономарев.

Stan3

Кеңес төрағасының айтуына қарағанда, Ақтөбе облысындағы құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып келеді.

«Жоспар бойынша желтоқсан айында тапсырылуы тиіс үйлер бірнеше ай бұрын қолдануға беріледі. Бұл деген керемет нәрсе ғой! Құрылысшылар да өз міндеттемелерін дер кезінде атқарып келеді. Өзге қалаларда жағдай басқа. Көкшетау, Павлодар, Астана қалаларында болдым. Сондықтан, Ақтөбеде тұрғын үй бағдарламасы жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр деп сенімді түрде айта аламын», – дейді ол.

Кездесу барысында сауалдар легі толастамады. Бірін алғашқы жарна мөлшерінің көлемі алаңдатса, тағы бірін кепіл мәселесі толғантты. Сұрақ қойғандар алғашқы жарнасыз-ақ немесе көзделген мөлшерден аз қаражатпен баспана алғылары келетінін жасырмады. Дегенмен, басқарма төрағасы банктің басты қағидаларының бірі «салымның белгілі бір уақыт аралығында жиналуы екенін» еске салды.

Ербол есімді тұрғын алғашқы жарна мөлшері әлі де төмендетілсе деген ұсыныс білдірді. «Болмаса, салымшының меншігіндегі жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, үй алу жағы қарастырылса» дейді. Оған банк басшыларының өз уәжі бар болып шықты. Несие аларда клиенттердің тәуекелге баратынын айтқан банк басшысы кейін болуы мүмкін қиындықтардың да алдын алу керектігін ескертті. «Кейін салымшының мойнына ауыртпалық түседі ғой», – деп қайырды Айбатыр Жұмағұлов.

«Қазақстанда несие алмаған адам жоқ шығар» деген Бақытжан есімді ақтөбелік несие тарихы туралы сөз қозғады. «Бір кездері несие төлемдерін уақытылы жүзеге асырмаған азаматтарға банк несие беруден бас тартады. Мүмкін ол адам бүгінде тұрақты жалақы алатын болар, несие төлеуге жағдайы бар шығар» деген оның уәжіне банк тарапынан «банк саясаты бойынша несие тарихының тек соңғы алты айы ғана ескерілетіні» айтылды.

Жиналысқа банкке енді салымшы болғысы келіп жүргендер де қатысып, әлі де болса сенімсіздік танытып жүргендерін жасырмады. Өзге банктердегі қойылып жатқан талаптарды тізбелеген олар отырыс барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жеңілдіктер туралы құлағдар болған соң, ойларын өзгерткендей болды, тіпті дереу шот ашатындықтарын да жеткізіп жатты.

Азамат есімді салымшыны банктің алға қойған жоспарлары қызықтырды. Белгілі болғандай, болашақта тұрғын үй құрылысына қыруар қаражат бөлінуі мүмкін. Бағдарлама әлі де жұмыс жасайтын болады. Жеңілдіктер де қарастырылады.

Ақтөбеліктерді бірнеше шотты біріктіріп, үй алу, өзге банктегі салымын осы тұрғын үй құрылыс банкіне ауыстыру, өзге банктегі ипотекалық несиені қайта қаржыландыру, т.б. жайттар қызықтырды. «Бір әулетте бірнеше келісімшарт рәсімделетін болса, жеңілдік жағы қарастырыла ма» деген сауал да болды. Ақтөбе өңірінде жүзеге асырылғалы отырған «Өз үйім» бағдарламасының қыр-сыры туралы да сөз болды.

Кездесу барысында банк тарапынан болатын кемшіліктер де айтылмай қалмады. Құжат рәсімдеу барысында банк өкілдері тарапынан жіберілетін қателіктер үшін банк басшылығы кешірім де сұрады.

Айта кетейік, жалпы, банк жұмыс жасағалы Ақтөбе облысы бойынша 51 мыңнан астам келісім-шартқа қол қойылыпты. Оның ішінде 28 мыңға жуық келісім-шарт осы жылы рәсімделген. Банк өкілдерінің хабарлауынша, биыл шамамен 7 миллиард теңге көлемінде несие берілген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар