Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін депозит ашу комиссиясы жойылады

Бейсенбі, 22 Қыркүйек , 2016 9:49

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін депозит ашу комиссиясы жойылады. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесі («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) отырысының нәтижесі бойынша мәлім болды.

Фото ЖССБК

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәлімдегендей, жеңілдіктер жергілікті атқарушы органдардың  қарамағындағы коммуналдық тұрғын үй қорында баспанаға мұқтаждар тіркеуінде тұрған азаматтар үшін банк жасап жатқан «Қолдау» өнімінің аясында жұмыс істей бастайды.

Ерболат Досаевтың сөзінше, сол  арқылы ЖАО-да кезекте тұрғандар ТҚҚ салымдарын 15 млн. теңгеден аспайтын келісілген сомаға тегін ашу мүмкіндігіне ие болады. Қазір банктің салым ашу үшін қолданыстағы комиссиясы келісілген соманың 0,55%-ын құрайды.

Салым бойынша жинақ мерзімі өткеннен кейін (кемінде 3 жыл), әкімдіктердің кезегіндегілер тұрғын үй қарызын жылдықтан 3,5%-дан басталатын ең төмен мөлшерлеме бойынша ала алады (СЖТМ жылдықтан 4%-дан бастап). Осылайша, бұл қадам кезекте тұрғандар үшін жинақ кезеңіндегі қаржылай жүктемені азайтып, тұрғын үйді қолжетімді бағада сатып алу мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, Директорлар кеңесі уағдалы депозит орналастыру арқылы Тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру бағдарламасының жүзеге асыру механизмі мен бекітілген ережелерді жеңілдету бөліміндегі өзгертулер мен толықтыруларды қарастырды.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ««Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Холдингті құрудағы мақсат – экономиканы дамыту мен әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту мен оның еншілес ұйымдарындағы ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар