«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» жекешелендіру туралы ақпарат ел тұрғындарын алаңдатып отыр

Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіп отырған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» жекешелендіру туралы жаңалық қаншама тұрғынды алаңдатып тастады. Қаржы құрылымын шетелдік инвестор еншілесе, ең төмен пайызбен беріліп жатқан несие тоқтайды ма деген күдік басым елде. Осы банктен ипотека алып баспаналы боламын дегендердің үміті ақтала ма? Банк жұмысы болашақта қалай өзгермек? Анық-қанығын банк басшыларымен сұхбаттасып келген тілшіміз Жанар Жолтаева әңгімелейді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алматы қаласының тұрғыны Гүлжиһан Көбденова «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 7 жыл бойы депозит жинап, төменгі пайызбен заем алып, баспаналы болған клиенттердің бірі. Қазір ол 2 бөлмелі пәтері үшін қаржы институтына ай сайын 70 мың теңгеден ақша құйып жүр. Алайда банк жеке қолдарға өтіп кетсе, пәтер аламын деп үмітін желбіретіп жүрген жас отбасылардың арманына балта шабыла ма -деп уайымдайды.

“Үкіметке де табыс түсіріп тұрған тетіктердің бірі ғой. Егер де табыс түсірмесе, айналымы нашар болса бір сәрі. Ал Үкіметке де табыс түсіріп отыр, халықтың да алғысын алып отыр, қызметкерлері де жақсы жұмыс істеп отыр, жақсы жолға қойылды. Бүкіл осы уақытқа дейін істеген басшылардың жұмысын, халықтың үмітін бір жеке адамның қолына байлап беру ол өте қауіпті”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлжиһан Көбденова.

Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшылығы акциялардың негізгі бөлігі, яғни бақылау пакеті мемлекеттің иелігінде қалатындықтан, алаңдауға негіз жоқ -деп отыр. Айтуларынша, шетелден серіктес іздеп жүргендері рас, алайда ол тұрғын үй жинақ жүйесінде тәжірибесі мол, жаңа технологиялар мен қызмет түрлерін алып келуге қауқары жеткелікті, банктің сапалы дамуынына үлес қосатын инвестор немесе қаржы институты болуы тиіс. Алайда бұл банктің әлеуметтік міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді, несиелендіру мөлшерлемелеріне қатысты жеңілдіктердің барлық түрлері сақталады -дейді банк жетекшілері.

“Барлық біздің мемлекеттің беріп жатырған жақсылықтары қалады. Мемлекеттік сыйлықақы, төмен пайызбен берілетін несие, қазір біздің қолданып жүрген жақсы бағдарламаларымыз «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» тағы да төменгі пайызбен несиелерімізді алып жатыр ғой халық, бұның барлығы қалады, ешқандай уайымдамасын”, – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.

Жалпы бүгінгі күні банк баспана немесе жер алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсаттарына 170 мыңнан астам заем таратқан. Сондай-ақ қаржы институтында тұрғындарымыздың 1 миллионнан астам салымдары сақтаулы. Оларға жыл сайын мемлекет тарапынан 20 пайыздық сыйлықақы қосылып тұр. Жаңа инвестордың келуімен оның мөлшері еш кемімейді -дейді банк басшылығы. Себебі оны төлеу нормалары «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» заңда бекітілген екен.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та бұғатталып жатқан 22 миллиард доллар көктемде қайтарылуы мүмкін

Қыз баланы армандаған Мұқасан төртінші ұлын перзентханадан ерекше ырыммен алып шықты (фото)

Мөлдір Әуелбекова қарияға дөрекілік танытқан Төреғалиді жақтап сөйледі

Жомарт жанды Тәуекел: Актер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар