Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: сыйақы алуды ұмытпаңыз

Дүйсенбі, 26 Желтоқсан , 2016 17:12

Желтоқсан айының басынан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бас кеңсесінің операциялық залы халыққа лық толы: біреулер құжат рәсімдесе, біреулер шот ашып жатыр. Депозит толтыруға асыққан адамның қарасы мол. Касса алдында ұзын-сонар кезек, абыр-сабыр. Бұл кездейсоқтық емес. Қомақты сыйақыдан кімнің қағыла қойғысы келеді?

р

Банктің баспасөз-хатшысы Айбар Олжаевтың сөзіне қарағанда, мұндай құбылыс дәстүрге айналып келеді.

«Бізде жыл соңында ұдайы қарбалас болады. Бір жыл ішінде неғұрлым көп қаражат жинасаң, сыйақының да соғұрлым көп болатынын салымшылар жақсы біледі. Ең жоғарғы сома – 200 АЕК-тің (айлық есептік көрсеткіш) 20 пайызы. АЕК бүгінде – 2121 теңге. Демек, қаражат жинақтаушыға мемлекет беретін  ең жоғарғы сыйақы – 84 840 теңге. Жаңа жылға сыйлық осы! Сыйақы алу үшін депозиттеріне көбірек қаржы салуға халық та ынталы», – дейді ол.

Айбар

Жұма күні, 30 желтоқсанда, Астана уақытымен 18.00-де ҚТҚЖБ-ның жаңа жылдық сыйлығын алғысы келген азаматтар үшін соңғы қоңырау соғылмақ. Осыдан кейін салынған барлық жарналар 2017 жылдың 4 қаңтарынан бастап есептелінеді. Мұндай жағдайда, соңғы жарнаның сыйақысын салымшылар тек қана 2018 жылы алатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламаларының қатысушыларына арналған ойын ережесі әлемде жарты ғасырдан бері қолданылып келеді.

Анықтама:

2015 жылдың қорытындысы бойынша, биылғы жылы 537 421 салымшы жалпы көлемі 13 млрд 363 млн. теңге болатын сыйақы алды. Үш жыл бұрын 323 мың адамның ғана бағы жанған еді. Жыл сайын ТҚЖБ клиенттер базасын 220 мың адамға ұлғайтып келеді. 1 қаңтарда банкте 779 643 мың салымшы болды. Яғни, әрбір 21-қазақстандық тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушысы.

Биылғы жылы Қазақстанның 250 933 азаматы банк салымшысы болды.

VNZ_7821

Сонымен қатар мынадай үш маңызды факторды еске сала кеткен жөн. Біріншісі: егер депозитте жинақталған сома 200 АЕК-тен асатын болса, ынталандырылмаған қаржының қалдығы келесі жылы сыйақы есептелген кезде ескерілетін болады. Екінші: кез келген жағдайда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әр клиентіне барлық салым сомасына 2% қосып келеді. Үшінші: егер отбасы немесе туысқандар бірнеше депозит ашса, онда банктің пайызы мен мемлекет сыйақысы әр шотқа есептелінеді. Баспана сатып алатын сәт туғанда барлық шотты бір шотқа біріктіруге болады. Осылайша, белгілі бір сома жинақталған кезде депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 12,6%-ға дейін жетуі мүмкін.

ҚТҚЖБ салымшылары үшін тағы бір бонус, ол – салықтық жеңілдіктер, табыс салығы заемды пайдаланғаны үшін банк сыйақысының сомасына азайтылады.

Уақытыңызды үнемдеп, жүйкеңізді күтіңіз

Бүгінде бар шаруаңызды жиып қойып, депозит толтыруға асығуға, терге малынып кезекте тұрудың қажеті жоқ.  Мұны төлем терминалдары орнатылған сауда орталықтарында да жасауға болады. Оның үстіне, биыл ТҚЖБ Интернет-банкингке баса назар аударып отыр: үйден шықпай-ақ, «жеке кабинет» арқылы төлем операцияларын жасауға болады. Сондай-ақ банктер-серіктестердің терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы да жасай аласыз. Бұл қанша тұрады? Қазпошта мен Halyk bank-те төлем сомасының – 1%. Qiwi арқылы – 1,3%.

Qazkom, egov.kz, PayPoint, kaspi.kz және ҚТҚЖБ арқылы комиссия – 0%.

Анықтама:

Заңға сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үш жылға шарт жасасады. Егер салымшы бұл мерзімнен ертерек банкпен арада жасалған шартты бұзғысы келсе, онда бұрын есептелінген сыйақы бюджетке қайтарылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар